жүктеу
загрузка карты...
Бізбен
байланысу
010000 Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі,18, 8 қабат.
хабарлама жіберу
ЕРТТЕУДІ ЖЫЛДАМ
ІЗДЕУ
Науқастың ыңғайлы уақытына келіп, зертхананың мамандары тез, ауыртпай және қауіпсіз биоқұрылымдық материалды алады.
ҰСО туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға,
қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған. Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады. Орталық өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.
Жаңалықтар және оқиғалар
«Қауіпсіз азық-түлік – денсаулық кепілі»
24.06.2016
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі жылдан-жылға артып келеді, себебі азық түлік өнімдері мен олардың шикізаттарының қауіпсіздігі адамдардың саулығы мен гендік қорды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Оқушылар мен абитуриенттерге арналған жеңілдіктер
23.05.2016
2016 жылғы 25 мамыр – 31 тамыз аралығындағы кезеңде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Жазғы демалыс!» және «Абитуриент - 2016» тақырыптарында маусымдық акция өткізіп, медициналық тексеру қызметтеріне 30 % жеңілдік ұсынады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Сізді көруге қуаныштымыз!
Алматы қаласының радиациялық фонының деңгейі
20.05.2016
Жердегі кез келген орынның радиациялық фоны топырақта орналасқан табиғи радионуклидтердің сәулеленуі және ғарыштық сәулелену есебінен қалыптасады. Ең төмен фон – теңіздер мен мұхиттар деңгейінде, ал жоғарғы – топырақта уран және торий рудалары шоғырланатын орындар. Айырмашылығы он есе болуы мүмкін. Сонымен қатар, радиациялық фон жергілікті жердің биіктігі артуына байланысты да артады.
Менингококк жұқпасының және бактериялық менингиттің нысаны
13.05.2016
Жұқпа үдерісіне ми қыртысының жұмсақ ми қабықшалары және жұлынның жоғарғы бөлігі ұшырайды. Микроағза жұтқыншақтың артқы қабырғасының сілемейлі қабықшасына шоғырланады. Адамнан адамға тамшылы жолмен жұғады. Менингококк жұқпасының табиғаттағы жалғыз көзі адам болып табылады. Бұл генерализациялық және назофарингитті формаларымен ауыратындар және сау тасымалдаушылар. Қоздырғыш тыныс алған, жөтелген, түшкірген жағдайда ауа-тамшылы жолмен беріледі, сонымен қатар, сілекей жұққан заттар (емізік, ойыншық, қасық, ыдыс) арқылы да жұғады.
Дүниежүзілік Безгекке қарсы күрес күні
05.05.2016
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері «Безгектің зертханалық диагностикасы» тақырыпты облыстық семинар өткізді.