жүктеу
загрузка карты...
Бізбен
байланысу
010000 Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі,18, 8 қабат.
хабарлама жіберу
ЕРТТЕУДІ ЖЫЛДАМ
ІЗДЕУ
Науқастың ыңғайлы уақытына келіп, зертхананың мамандары тез, ауыртпай және қауіпсіз биоқұрылымдық материалды алады.
ҰСО туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға,
қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған. Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады. Орталық өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.
Жаңалықтар және оқиғалар
«Әр үйге қауіпсіз бақша өнімдері» акциясы
21.07.2016
Биылғы жылдың 13-ші  шілдесінде 13 шілде, биылғы жылы Қызылорда қаласында темір жол станциясының алаңында «Әр үйге қауын Қауіпсіз» атты акциясын өткізді. теміржол вокзалының перронында «Әр үйге қауіпсіз бақша өнімдері» тақырыбында бірлескен акция ұйымдастырып өткізді. Акцияда санитарлық-гигиеналық зертхананың, маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің мамандары қатысты. Жеміс-жидектер мен бақша өнімдерінің  13 сынамасына экспресс-әдіспен нитраттарды анықтауға зерттеулер жүргізілді, сәйкессіздік анықталған жоқ.
«Әр үйге қауіпсіз тағам» тақырыбында акция туралы
07.07.2016
2016 жылдың 2-ші шілдесінде ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы «Әр үйге қауіпсіз тағам» тақырыбында «Сыбаға» базарында акция ұйымдастырылып өткізілді. Акцияға санитарлық-гигиеналық зертханасының лаборанттары  және маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің мамандары қатысты.
Көкөністер мен жемістерде нитраттардың болуын азайту және оны қалай анықтау керек?
27.06.2016
Нитраттар — бұл барлық өсімдіктерге өсу және даму үшін қажетті азот қышқылы тұздары болып табылады, сол себепті олар өнім құрамында қандай да бір мөлшерде кездесетін болады. Егер топырақтың құрамындағы нитраттардың мөлшері шекті нормадан аспайтын болса, онда оларды өсімдіктер толықтай сіңіретін болады және ешбір зияны болмайды. Алайда, көп жағдайда мол өнім алу мақсатында азотты тыңайтқыштарды еш қадағалаусыз қолдану көкөністер мен жемістер құрамындағы нитраттар мөлшерінің артуына алып алады.
«Қауіпсіз азық-түлік – денсаулық кепілі»
24.06.2016
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі жылдан-жылға артып келеді, себебі азық түлік өнімдері мен олардың шикізаттарының қауіпсіздігі адамдардың саулығы мен гендік қорды анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Оқушылар мен абитуриенттерге арналған жеңілдіктер
23.05.2016
2016 жылғы 25 мамыр – 31 тамыз аралығындағы кезеңде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Жазғы демалыс!» және «Абитуриент - 2016» тақырыптарында маусымдық акция өткізіп, медициналық тексеру қызметтеріне 30 % жеңілдік ұсынады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз. Сізді көруге қуаныштымыз!