загрузка карты...
Бізбен
байланысу
010000 Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі,18, 8 қабат.
хабарлама жіберу
ЕРТТЕУДІ ЖЫЛДАМ
ІЗДЕУ
Науқастың ыңғайлы уақытына келіп, зертхананың мамандары тез, ауыртпай және қауіпсіз биоқұрылымдық материалды алады.
ҰСО туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға,
қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған. Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады. Орталық өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.
Жаңалықтар және оқиғалар
«Атамекен» ҰКП қатысуымен жиын өткізілді
25.04.2016
2016 жылы 12 сәуірде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласындағы филиалы мамандары Қазақстан республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті «Астана қаласының тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті» РМК бірлесе отырып «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жиналыс өткізді.
Кенелерге қарсы маусымдық шаралар
15.04.2016
Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы індетінің табиғи ошақтарында кенелерге қарсы маусымдық шаралар жүргізілді.
«Азық-түлік сапасы – денсаулық кепілі» акциясы
31.03.2016
15 наурыз Дүние жүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күні болып табылады. Осы күннің құрметіне Қазақстан Республикасының аумағында «Ұлттық сараптама орталығы» Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе отырып, «Азық-түлік сапасы – денсаулық кепілі» тақырыбында акция өткізді.
Атыраулық кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен өткені туралы сертификаттар алды.
02.03.2016
Атырау облысындағы ТҚҚД басшысының орынбасары Амантай Жумагалиев: «Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға негізделетін негізгі тексеру түрінен басқа кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің санитарлық заңнама талаптарын сақтауын бақылаудың перспективті формасы кәсіпкерлердің өздерінің бастамасы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық аудитті ұйымдастыру және жүргізу болып табылады».
Қауіпті жұқпалар бойынша семинар
15.02.2016
Шара барысында мамандар ҚР ҰЭМ. бұйрықтарымен таныстырды. 25.02.2015 ж № 131 «Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша (оба, тырысқақ) санитарлық-эпидемиологиялық (профилактикалық) шараларды ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»