Жаңалықтар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС!
ВНИМАНИЕ КОНКУРС! 30.10.2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ұлттық сараптау орталығы өңірлік филиалдардың арасында «ҰСО ең позитивті филиалы» республикалық бейне конкурсының басталуы туралы хабарлайды.

Конкурстың мақсаты - жағымды жұмыс атмосферасын құру, кәсіпорынның оң имиджін қалыптастыру, қызметкерлерді біріктіру, қызметкерлердің назарын оң құндылықтарға тарту: корпоративтік мәдениет, корпоративтік рух, спорт, отбасы және т.б.

Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар 3 минуттан аспайтын бейнеролик жасаулары керек, ол Орталықтың сайтында және (Instagram, Facebook, В Контакте) әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Бейнеролик корпоративтік рухтың маңыздылығы туралы идеяны, сюжеттің мазмұнын толығымен ашып көрсетуі тиіс. Түсірілім жасауға, кәсіби бейне камералар және гаджеттер, смартфондаржы пайдалануға болады. Сондай-ақ, түсірілімде Орталықтың логотипін қолдануларыңызды сұраймыз.

Конкурсты бағалаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жеңімпаз әлеуметтік желілерде дауыс беру әдісімен (қойылған лайктармен) анықталады.

Жұмыстар 2017 жылдың 30 қазанынан 13 қарашасына дейін қабылданады. Сонымен қатар материалдар берілген кезден бастап орналастырылады.

Дауыс беру уақыты осы жылдың 13 желтоқсанында сағат 18: 00-де аяқталады.

Дауыс беру қорытындысы ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында ҰСО сайтында және әлеуметтік желілер беттерінде жарияланады: фейсбук, в контакте – @www.nce.kz (Ұлттық сараптау опрталығы), инстаграм – nce.kz.

Өзіңіздің жұмысыңызды келесі электронды поштаға жіберіңізді сұраймыз: nce.markdep@gmail.com, s.asiya_13@mail.ru.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7172) 55-49-08 (іш.152), 8701-197-49-23 Асия.