Жаңалықтар
Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы вирусты гепатиттің жағдайы жөнінде
О ситуации заболеваемости вирусными гепатитами в Житикаринском районе Костанайской области 06.04.2018

«Гепатит» термині әдетте бауырдың қабынуын білдіреді (өткен жылдарда бұл кесел «жұқпалы сарыауру», «Боткин сырқаты» деп аталды). Осы кезде вирустық гепатит өте таралған және қауіпті індет болып табылады. Қоздырғыштың ерекшелігіне, туындау себебіне және таралу жолына сүйене отырып шұғыл вирустық гепатиттер А, В, С, Е және Д (дельта) деп бөлінеді, соңғы жылдары пайда болған осы вирус тобының алтыншысы – вирус гепатиті G туралы мәлімет келді. Айта кететіні, аурудың шұғыл түрінен басқа – созылмалы түрі бар, оталау алдында, жүктілік кезінде, қан және оның компоненттерін құю және донор ретінде қан тапсырған кезде мәлім болуы адам үшін күтпеген жайт болуы мүмкін. Аталған қоздырғыштардың белгілі өзгешілігі болады, бірақ олардың үнемі бәрін біріктіретін ол осы індетті жұқтырған немесе созылмалы науқас адам болып табылады. Ең үлкен қауіптілікті науқастардың жеңіл түрімен ауырған немесе әлсіз белгісі бар науқастар туғызады.

Шұғыл және созылмалы вирустық гепатиттер В, С және D қалай ересектер арасында болса, солай балалар арасында да кездеседі және   әлеуметтік-медициналық өзекті мәселе болып қалуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша (ДДҰ), жер шарының екі миллиард халқы вирустық гепатит В (ВГВ) науқасымен жанасқандар,   олардың 350 миллионы созылмалы тасушылар және вирустық гепатит D (ВГD) жұқтыру қауіпіне шалдыққандар. 170 миллион адамға жуығы вирустық гепатит С (ВГС) және 10 миллионнан аса – вирустық гепатит D (ВГD) жұқтырғандар.

А, В және С вирустық гепатитімен ауыру тіркеледі. Халықтың қала және ауылдық тұрғындары, жұмыс істемейтіндер, жұмыс істейтіндері де ауырады.

Шұғыл вирустық гепатит аурушаңдығы 2017 жылы Жітіқара ауданы бойынша тіркелген жоқ.

2018 жылғы 1 тоқсанда Жітіқара ауданы бойынша вирустық гепатит А тіркелді, ол ИФА әдісімен расталды. Осы ошақтан коли – фагтердің болуына суқұбыры суының 1 сынамасы зертханалық зерттеулер жүргізу үшін жеткізілді, нәтижесі гигиеналық нормативтерге сәйкес. Сондай-ақ, бактериологиялық зертханаға ішек таяқшасы тобы бактериясының болуына саны 10 дана шайындылар жеткізілді, олардың 3 шайындысында ІТТБ табылды. Бұл анықталған жұқпаның жанасапалы-тұрмыстық жолмен берілуі мүмкін екендігін айтады.  

Жітіқара ауданы бойынша вирустық гепатит аурушаңдығы 2016 жылы

Көрсеткіштер

ВГ (барлығы)

ВГА

ВГВ

ВГС

Тіркелген науқастар

4

1

2

1

соның ішінде зертханалық расталғаны

4

1

2

1

маркермен расталғаны

4

1

2

1

ауруханаға жеткізілгені

3

1

2

0

Ошақтар саны

1

1

2

1

сонымен қатар

тексерілді

1

1

0

0

 

олардан зертханалық әдісті қолданумен

1

1

0

0

Вирустық гепатитпен ауырғандар 19 жас, 24 жас, 31 жас және 47 жастағы адамдар арасында тіркелді.

Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттердің жоғары эндемиялық таралатын өңірге жатады. Жыл сайын республиканың әртүрлі облысында гепатит А ауыру ахуалы 60 ден 90 % дейін болады, ең көп деңгейде кіші жастағы балалар арасында таралады. Бір қатар өңірлерде су арқылы таралу тіркелді, әріде жанаспалы-тұрмыстық жолмен жұқпаны тарату тіркелді.

Гепатиттің белгілі барлық түрлерінде таралу механизмі әртүрлі.   ВГА жанаспалы-тұрмыстық жолмен(отбасыларда, ұйымдастырылған ұжымдарда), сонымен қатар, контаминирленген су, тағам арқылы беріледі. 2016 жылы Жітіқара ауданында эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вирустық гепатит А ошағының көрсеткіштері бойынша коли-фагтердің болуына суқұбыры суының 8 сынамасы зертханалық зерттелді, барлық сынамалар гигиеналық нормативтерге сәйкес болды. Коли-фагтер – вирустық ластанған судың жанама көрсеткіші, вирустық ластанудың ықтималды қауіптілігіне қатысты жауапты тез алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ вирустық гепатит А ошағынан ішек таяқшасы тобы бактериясының болуына бактериологиялық зертханасы шайындыларды зерттеді. 2016 жылы зерттеулердің осы түріне 65 талдаулар орындалды, олардан гигиеналық нормативке 3 сынама сәйкес болмады. ІТТБ – бұл санитариялық-көрсетімдік микроорганиздер, яғни фекальді ластану индикаторы. Шайындыда ІТТБ айқындау вирустық гепатит А қоздырғышының болу мүмкіндігінің жанама көрсеткіші болады.

В, С және D гепатиттерімен көбінесе бір шприцті қолданатын нашақорлар, гомосексуалистер ауырады. Індет науқастан немесе вирусты тасушыдан қан немесе оның препараттарын құйғанда қан арқылы беріледі. Сондай-ақ, қажетті деңгейде стерилденбеген медициналық жабдық арқылы, індетті жұқтырған және жыныстық қатынас арқылы беріледі. Косметологиялық, стоматологиялық кабинеттерде, шаштаразда жұқтырады. Жалпыға ортақ құрал-аспапты қолдану арқылы жүргізілетін тату өрнектері, дәстүрлік, т. басқа процедураларды өткізу кезінде жұқтыру мүмкін (құлақты тесу, қырыну, маникюр және басқалар). ВГВ берілу факторы болып отбасының бірнеше адамдары қолданатын жеке гигиеналық заттар болуы мүмкін (тіс щеткасы, ұстара және маникюрлік құрал, жөке, тарақ, қайшы және т.басқалар).

ВГВ табиғи түрде берілуі анасынан баласына босану кезінде болады.

Әсіресе жұқпаның қауіпті көзі болып аурудың клиникалық белгісі білінбейтін созылмалы науқастар болып табылады.

Вирустық гепатит Е жұқтыру көбінесе науқастың нәжісімен ластанған суды ішкенде болады.

Инкубациялық кезең немесе жұқтыру кезеңі 35 ден 780 күнге дейін, қоздырғыш түрінен тәуелді болады. Яғни, ауру кейде жұқтырғаннан кейін 2 жылдан кейін білінуі мүмкін. Ауру вирустық жұқпа түрінде басталуы мүмкін, тамақ ауыру, тұмау, әлсіздік, бас ауыру. Яғни бұл сарғаю алдындағы кезең. Сосын оң жақ қабырға астында, эпигастрал аумағында ауырғандық сезіледі. Аурудың негізгі белгілері – тері үсті мен шырыштың сарғаюы, несеп түсінің қараюы, «сыра» түсті деп айтады, нәжістің ағаруы. Дене қызуының жоғарлауы мүмкін.

Вирустық гепатит А науқастарын ерте диагностикалау және ауруханаға жатқызу отбасы мүшелерімен жанасуда берілетін жұқтыру қауіпін төмендетеді. Науқасты оқшаулағаннан кейін індет ошағында қортынды дезинфекциялауды өткізу қажет.

Қарапайым санитариялық-гигиеналық ережені сақтау вирустық гепатит А індетін жұқтыруды төмендетеді. Дәретханадан кейін және ас ішер алдында қолды жуудың, ішетін ауызсуды қайнатып ішудің маңызы зор.

Вирустық гепатит А және В қарсы вациналау вирустық гепатиттің профилактикасының ең тиімді әдісі болып табылады. Жітіқара ауданында 2016 жылы ВГА қарсы – 491 адам егілді (қамту пайызы – 89,6 құрады), ВГВ қарсы – 472 адам (қамту пайызы – 89,7құрады).

Атап өтетіні тамырға есірткі препараттарын салатын нашақорлар вирустық гепатитті ғана емес қауіпті жұқпалардың бір қатарын, мысалы АҚТҚ сияқты індеттерді таратады. Соңғы жылдары 90% жуық барлық жұқтырылған АҚТҚ – атап айтқанда осы жолмен жұқтырғандар.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі

Қоғамдық денсаулық сақтау

комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

Қостанай облысы бойынша филиалының

Жітіқара аудандық бөлімшесінің

бактериолог дәрігері

Мурзабулатова Р.К.