жүктеу
Жаңалықтар
ҰСО жас мамандарды жұмысқа шақырады
Студентов – медиков ждут на работу в НЦЭ 16.04.2018

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде және Семей қаласындағы мемлекеттік медицина университетінде өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты. 

Кездесу барысында университет түлектерімен жеке әңгімелесу жүргізілді. Оларға ҰСО қызметі мен талаптары туралы толық мәлімет беріліп, жұмысқа сәтті орналасу үшін қандай дағдыларды меңгеру қажет екені айтылды.  Сонымен қатар, кері байланыс жасау үшін студенттерге үлестірмелі материалдар мен Орталықтың реквизиттері таратылды.

Сонымен бірге, филиал директоры Байшыбаева Райгүл Ұлттық сараптама орталығына медициналық білімі бар 21 жас мамандарды және 5 инженерді жұмысқа қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.