жүктеу
Жаңалықтар
Кене энцефалитінен сақтанайық!
Осторожно, клещи! 25.04.2018

Кене энцефалиті – бұл патологиялық вирустық  ауру, адам ағзасына кірумен сипатталатын жұқпа. Энцефалит -  орталық жүйке жүйесін тез зақымдайды, тіпті егер адамдар дер кезінде дәрігерге  қаралса да, бұл аурудың жаман салдарының болатынын ескеріп бейжай көзқараспен қарап уақытты жіберіп алмау қажет. Кене энцефалиті - адам денсаулығының  физиологиялық түрде бұзылуына әкеліп соқтырады, ал кейбір жағдайларда, бұл аурудың түрі адамдарды мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін.

Кене энцефалитін жұқтыру  организмге арбовирустың енуі нәтижесінде болады, тасымалдаушысы кене болып табылады. Вирус адамға жабысқан кене арқылы адам денесіне ауыртпайтын сілекейімен енгенде беріледі. Жұқтыру: орман алқабында демалудан кейін болуы мүмкін, саябақта немесе тіпті жеке үй  ауласында және сонымен қатар үй жануарларымен жанасу барысында болады.

Сондай-ақ, кене адам денесіне  гүлдерден, ағаш бұтақтарынан және әңгімелесуші адамның киімі арқылы жұғуы мүмкін. Сондықтан орманға бармай-ақ қоюға болады, өйткені барлық жерден қауіп төнуі ықтимал. Қайнатылмаған және өңделмеген үй жануарларының сүтін тұтыну арқылы болуы да мүмкін: ешкінің, сиырдың. Көп адамдар кене энцефалиті нің жануарларға жаппай шабуыл жасаған кезде жәндіктер сүтке енуі мүмкін екенін білмейді. Егер адам  денесіне жабысқан  кенені өлтірсе, сосын кене тістеген орынды қасыса онда вирус қанға енуі мүмкін.  Кене аурулары мен вирус энцефалитін тасмалдаушы,  яғни, кенелер, осы мезгілде барлық жерде жайылған. Адам терісіне кене энцефалитін жұқтырудың негізгі уақыттық кезеңі - бұл кеш келген көктем, жаз және ерте түскен күз. Дәл осы кезеңде кене өте  белсенді болады. Даму кезеңі  осы уақытта басталады яғни, жасырын инкубациялық кезеңі 2 аптаға тең. Егер кенені жұқтыру бірнеше секунд ішінде ғана  болса, ал ауырудың салдары   ұзақ уақыт  аралығына созылады.

Аурудың белгілері: бастың қатты ауыруы; дене қызуының тез көтерілуі,  құсу рефлексі; Лоқсу, бұлшық еттердің қатты ауыруы мойын төңірегінде, жауырында, сонымен қатар, көкірек қуысы мен белде білінеді. Кейбір жағдайларда ауру аяқ-қолға таралуы мүмкін. Көбінесе клиникалық жағдайларда ауыру және жағымсыз сезіну кене энцефалитін жұқтырған жерде білінеді. Адамның келбеті өзгеріп түрі бозарып аурушаңдығы білінеді. Кене энцефалитінің негізгі қауіпті тобына барлық ауылдық жерлердің тұрғындары, сондай-ақ, үлкен қалалардың да тұрғындары кіреді.  Айта кетіні, көбінесе жұқтыруға бейімділер орманда және ашық жерлерде жұмыс істейтін адамдардың кәсіби қызметіне байланысты. Олар құрылысшылар, аңшылар, орманшылар, бау-бақшалық жер телімдерінің қызметкерлері болуы мүмкін. Әрине, тіпті, ашық орманды жерлерде шатырларда жатып демалғанды жақсы көретін қарапайым туристтер де қауіпті топқа кіреді. Кене энцефалитін жұқтырудың алдын алуға болады.  Арнайы қорғану заттарын белсенді түрде қолдану және пайдалану, атап айтқанда  адам денесін толық жабатын костюмдер немесе арнайы мамандандырылған туристік дүкендерде сатылатын киімдерді пайдалану қажет. Арнайы киімдер мынадай болуы керек: жабық жағалы және жеңінде резеңке тағылған ұзын көйлек, сонымен қатар, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып киетін ұзын шалбар, содан соң етік киіледі. Бас пен мойынға орамал  тағылады. Әрине, орманға  демалуға бір барғанда қорғанудың бұл тәсілі өте қолайсыз болуы мүмкін.

Егер сіз табиғат аясында болсаңыз, онда өзіңізді үнемі тексеріп, теріңізде  кене энцефалитінің жабысуынан  жиі–жиі бақылауыңыз қажет!

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ  РМК-ның
Қостанай облысы бойынша филиалының Арқалық қалалық
бөлімшесінің басшысы
 
Қожахметова Әсел  Жұмағалиқызы