жүктеу
Жаңалықтар
Алматы базарларында сатылатын көкөністер мен жемістерде нитраттар нормадан жоғары екені анықталды
На рынках Алматы выявлено превышение нитратов в овощах и фруктах 18.07.2018

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК  Алматы қаласы бойынша филиалының санитарлық – гигиеналық зертханасы  өсімдікшаруашылығы өнімдерінен (көкөністер мен жеміс-жидектер, бақша дақылдары)  нитраттар мен пестицидтерді анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

        Қазіргі таңда  зертхана заманауи құрал-жабдықтармен  жабдықталған, хлорорганикалық және фосфороганикалық пестицидтер  қалдық санының дәлдігін жоғары дәрежеде анықтайды.

Ағымдағы жылдың  соңғы 6 айы аралығында азық-түлік және мал өнімдерінен  786 сынамаға құрамындағы пестицидтерді зерттеп, олардың ішінде нормадан аспайтын ( ет өнімдері  астық өнімдері, картоптар, сәбіздер, қырыққабаттар, қиярлар, лимондар, шиелер 0,01 мг/кг нормада 0,1 мг/кг,0,06 мг/кг нормада 0,5 мг/кг, 0,02 мг/кг нормада  0,1 мг/кг, 0,02мг/кг нормада 0,5 мг/кг, 0,02 мг/кг, 0,03 мг/кг, 0,003 мг/кг, 0,006 мг/кг нормада 0,1 мг/кг. сәйкес) негізінен хлорорганикалық пестицидтер анықталды.

Сонымен қатар, 2017 жылдың 6 айы аралығында өсімдік шаруашылығы өнімдерінен  630 сынама зерттелді, олардың ішінде 10 сынамадан қалыптан асу нормалар табылып ( пияз,  қияр, томат, сәбіз), сол жылдың мәліметі бойынша өнімдерді зерттеудің жалпы санынан 1,6 % құрады.  2018 жылдың сол кедзеніңде өсімдікшаруашылығы өнімдеріне (көкөністер мен жеміс –жидектер, бақша дақылдары) 621  сынама зерттеліп, олардың ішінде 13 сынамадан (қауын, пияз, қызылша, шие, мандарин, өрік, шабдалы, бүлдірген, лимон) нитраттардың  шамадан тыс құрамы анықталды. Өнімдерді зерттеудің жалпы санынан 2,1% құрады. Яғни, 2017 жылмен салыстырғанда 0,5% сәйкессіздікке өсуін бақылаймыз.

        Пестицидтер-қоршаған ортадан адамдарға   саналы түрде енетін бірден бір ластанушы. Пестицидтер- өсімдіктердің,  өсімдік ауруының зиянкестерімен күресу үшін пайдалануға, тамырлардың,  астық және астық өнімдерінің зиякестерден қорғауға, ағаштардан, мақтадан, жүндерден, терілерден,  үй жайындағы малдардың эктопаразиттерінен, сонымен қатар адамдар мен малдарға таралатын қауіпті аурулардан  қорғануындағы химиялық заттар. Сонымен бірге, кез-келген химиялық заттар секілді пестицидтер де өз зияндылығын тигізеді. Олар түрлі табиғи экожүйелерінің компоненттерін зақымдайды: фитоценоздың  биолгиялық өнімділігін азайтады, жануарлар әлемінің түрлі әр кейіптілігін, пайдалы насекомдар саның төмендетеді, құстар мен бірге соңында адамдар үшін де қауіпті.

Нитраттар- негізінен азотты  қышқыл тұз, өсімдіктекті тағам өнімдерінің табиғи компоненттері мен  өсімдік қоректерінің элементтері болып табылады. Олардың жоғарғы шоғырлануы топырақта өсімдіктер  үшін мүлдем уытты емес, бірақ та олар алдынғы N – нитроз қоспасы, обыр туындатқыш әсерге ие, яғни  ісік ауруларының дамуына бейімдейді. Ағзадағы нитраттар саның жоғарлауы едәуір денсаулыққа зияның тигізуі мүмкін, өсімдіктекті  ауылшаруашылық өнімдерінен нитраттың шамадан тыс болуы тағамдық құндылығының азаюымен жалғасады: дәрумендер, көмірсутектер, аминоқышқылдар,   тағам өнімдерінің құрамындағы макро және микроэлементтерінің өзгеруі мен т.б. құрамдары төмендейді.Атап айтқанда ауыр металдар, нитрозаминдер мен   радионуклидтердің уытты және обыр туындатқыш қоспаларының жинтығынан болуы ықтимал.

Өнімдердің ұзақ мерізімде  сақталуына байланысты бұзылу жағдайларынан,  нитараттардың сандық құрамы артып, нитраттар мен   екінші аминдердің туындауы адам денсаулығы үшін қауіпті, әрі тұтынушылық қасиеттерінің қарқынды  жүруін жоғалтады.


ҰСО ШЖҚ РМК Алматы қ.

санитарлық-гигиеналық зертхананың маманы

Құдайберді Маржан Даукенқызы