жүктеу
Жаңалықтар
Безгек туралы не білуіміз керек ?
Что нужно знать о малярии 20.07.2018

Безгек - москиттердің шағуынан пайда болатын  қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы микробты плазмоидтар болып табылады.  Плазмодий Анофелес тұқымдастығының масасы шаққанда адам ағзасына түседі. Безгек жұқпасына  жұқтыруға қабілетті 20-ға жуық маса түрлері бар. Олардың бір ерекшелігі - олар тек түнде ғана шағады.  Сонымен қатар олар тек суда ғана көбейеді, сол себепті ылғалдылығы жоғары, жиі жаңбыр жауатын, су айдындары орналасқан аймақтарда  безгек жұқтыру қауіпі жоғары. Безгек қоздырғышы адамның қанына кірген сәтте ғана дамиды.

Инфекцияның 3 негізгі жолы бар:

-Плазмодид жұқтырған маса шаққанда  

-Ластанған қан құю кезінде

-Жүктілік кезінде безгек жұқтырған анадан балаға жұғу арқылы.
Безгекпен ауыратын науқас басқа адамдар үшін қауіпті емес және өзінің жақын адамдарына зиян келтіре алмайды.  Инфекция науқастан сау адамға қан құю немесе органды трансплантациялау арқылы ғана жұқтыруы мүмкін.
Инкубациялық кезеңі (безгек инфекциясынан бірінші симптомдардың пайда болу уақытына дейін) 7-ден 14 күнге дейін.

Безгектің алғашқы белгілері суық тигенге  ұқсайды. Негізгі симптом - дене қызуының 38-39С дейін көтеріліп , бірнеше сағатқа созылады және қатты  қалтырау сезімі пайда болады. Соншалықты қатты терлеу, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, бұлшықет ауыруы, бірлескен ауырсыну, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетті төмендеп, қызуы төмендейді, тері бозарады,  сарғыш түске айналады.

         Безгек ауруының  алдын алу шаралары:

Негізгі алдын алу шаралары – бұл тасымалдаушы жәндіктердің шағуынан сақтану, сонымен қатар, безгекке қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау. Саяхатқа шығу кезінде немесе безгекпен зақымдану дәрежесі жоғары аймаққа барар кезде мынаны сақтаған жөн: ауруды жұқтыратын москиттердің шағуынан сақтану. Безгекті тасымалдаушы масалар тек түнгі уақытта шағады, сондықтан күн батқаннан таң атқанға дейін моститтерден қорғану, денені жауып тұратын киім кию, ұйықтайтын жерде москиттерден қорғайтын торлар пайдалану, терезеге, есікке  москиттерді үркітетін зат перметрин жағылған торлар кою.

Безгекпен аурудың алдын алуда безгекке қарсы дәрілер алдыңғы орында. Ол кезде аурудың берілетін маусымы мен көбейетін  жері анықталады. Тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда инсектицидтермен залалсыздандыру жүргізіледі. Оның ішінде әсері ұзақ құралдар қолданылады. Шаруашылықта қажеті жоқ деп саналатын суқоймаларын бактериоцидтік құралдармен залалсыздандырады.


Канет Мадина Нұрдаулетқызы

                                                                                            ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының

Қаратал аудандық бөлімшесінің

нұсқаушы-дезинфекторы