жүктеу
«ҰСО» Алматы қаласы бойынша филиалы жыл сайын сарып ауруына қарсы 2000-ға жуық тұрғынға зертханалық тексеру жүргізеді
Ежегодно на бруцеллез филиал НЦЭ по г. Алматы обследует около 2000 человек 14.02.2019

Сарып (бруцеллез) — бруцелл тұқымдас  бактерияға жататын, аса қауіпті жұқпалы ауру. Адамдар үшін сарып ауруының негізгі жұқпа көзі Ірі қара малдар, шошқалар, ешкілер мен қойлар  болып табылады.

Аталған ауру малдардан адамдарға бірнеше жолдармен таралады. Сарып ауруы адам ағзасына терінің жарақаттануынан, ас қорыту сілемейлі қабығы мен тыныс алу жолдары арқылы түседі.  Жарақаттанушы ауру малдардан алынған шикі сүт пен сүт өнімдерінен дайындалған тағамдарды қолданғанда жұғуы мүмкін. Сонымен қатар, ауру малдарға күтім жасау кезінде пайдаланылған заттар арқылы да жұқпалар тарайды.    

Адамдардағы сарыптың симптомдары

Аурудың жабық түрі   бір аптадан  бірнеше ай мерзімге дейін жалғасады, көбіне  1-3 апта аралығында бірнеше түрлі клиникалармен сипатталып, түрлі дәрежедегі ауырлыққа әкелуі мүмкін. Ауру біртіндеп: әлсіздік, ұйқысыздық, кейде терінің тітіркенуі, бас, бұлшық еттер мен буындардың ауруы, тәбеттің төмендеуі, 37,1—37,3° температураның көтерілуімен басталады. Көбіне сарып: дене қызуы 39— 40°  температураға дейін жоғарлап, қалтырау, әлсіздік, тердің ағылуы, буындардың күштеп қозғалуы мен бұлшық еттердің өткір ауруымен білінеді. Ауру орташа есеппен 3 айға ұзарып, кейде 1-2 жыл аралығында  және одан да ұзақ уақытқа дейін созылуы мүмкін. Сарып ауруының зардабы соңында  мүгедектікке әкелуі ықтимал. Сарып ауруына  шалдыққан жүкті әйелдер  өздігінен түсік  тастауы мүмкін.

Осындай патологияларды ІІ топтағы патогендікке рұқсаты бар, аккедиттеуден өткен зертханалар зерттейді. ІІ топтағы  патогенді микроағзалармен жұмыс істеу үшін  диагностикалық жұмыстар жүргізуде  тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында  мемлекеттік өкілетті ұйымның Орталықтандырылған тәртіптік комиссиясы 5 жыл мерзімге  дейінгі жарамды рұқсат ету құжаты беріледі. Жекеленген зертханаларда МСТ ИСО/МЭК 17025 және ҚР СТ ИСО 15189-2015 бойынша  аккредитациядан өтпеген,  тәртіптік комиссияның  рұқсаты берілмеген  және өз құзыреттілігін растайтын құжаттардың жоқтығынан зерттеу нәтижелері  күмән тудырады деп табылады.

Қазіргі таңда біздің зертхана классикалық және заманауи әдістерімен сарып ауруына диагностика жүргізіп, диагноздың дәлдігін, әрі нәтижесінің нақтылығын қамтамасыз етеді.

Жыл сайын «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалында сарып ауруына қарсы 2000-ға жуық адам тексеріледі. Мысалы, 2018 жылы 1622 адам тексеріліп,  олардың ішінде 6,4% расталды. Мал өнімдерінен 113 үлгі тексеріліп, 27,4%  (ет және сүт өнімдері) сарып ауруы дәлелденді. Сарып ауруы бойынша зертханалық бақылаудан өтпеген, азық-түлік базарларындағы  мал өнімдерінің, оның ішінде ет өнімдері (кәуап, жентектелген шикі ет), шикі зат өнімдері (жүн, былғары, қаракөл терілері), шикі сүт өнімдерінен жасалынған -сүт, ірмішік, сыр, брынза, қымыз және т.б. өнімдеріне сарыпқа зертханалық зерттеулер жүргіземіз.   

Серікболсын Тұрламбаев

Аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасының дәрігері

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК

Алматы қаласы бойынша филиалы