жүктеу
Ашық есік күндері
День открытых дверей 20.02.2019

2019 жылғы 25 ақпанда «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қарағанды облысы бойынша филиалы (Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 2 үй) Медицина үйінің ғимаратында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында көрсетілетін қызметтер бойынша Ашық  есік күнің өткізеді.

Ашық есік күні шеңберінде Филиал ұсынатын қызмет көрсету спектрі, сондай-ақ тауарларды, қызметтерді сараптау  және жұқпалы, паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау мәселелері  бойынша  нақты түсінік береді.

Жеке тұлғалар үшін: клиникалық-диагностикалық зерттеулер, медициналық тексерулер, гигиеналық оқыту, желдету жүйелерін және ауа бөлгіш құбырларын тазарту.

Корпоративтік клиенттер үшін: өндірістік бақылау, жұмыс орындарын аттестациялау, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер, гигиеналық оқыту, желдету жүйелерін және ауа бөлгіш құбырларын тазарту.

Ақпарат алу үшін телефон:

50-75-80, 50-75-93, 50-52-41