жүктеу
Медицина қызметкері күнімен құттықтау
14.06.2019

Қымбатты әріптестер!

Дәстүр бойынша жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда және ТМД елдерінде кәсіби мереке – Медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі.

Барлық уақытта медицина қызметкерлерінің еңбегі лайықты құрметке ие болды және адамдарға шексіз қызмет етудің жарқын үлгісі болды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде басты орынға ие. Біздің қызметіміз адамдардың денсаулығын қорғауда, оларды қауіпті жұқпалы аурулардан және қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары халық денсаулығын сақтап әрі нығайтып қана қоймай, қауіпті аурулардан қорғап, өмір бойы қамқорлық көрсетіп, адамның қолайлы ортада өмір сүруі үшін қамқорлық жасайды. Бұл қиын мамандық жоғары кәсіби біліктілік пен терең білімді ғана емес, өз ісіңе деген шексіз адалдықты талап етеді.

Соңғы бірнеше жылда отандық медицинада көп өзгерістер болды: медициналық ғылым, денсаулық сақтау саласындағы диагностиканың, емдеудің және алдын алудың жаңа әдістері дамыды, жаңа жоғары сапалы орталықтар салынды, ауруханалар мен емханалардың жарақтандырылуы айтарлықтай жаңартылды. Алайда, бірде-бір заманауи аспап медицина қызметкерлерінің кәсібилігі мен шеберлігін алмастыра алмайды.

Адам жанының арашасы ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Әрбір медициналық қызметкерге зор денсаулық, кәсіби жетістіктер мен күнделікті еңбекте табыс тілеймін!

Құрметпен,

Бас директор

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК

«Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК

К. О. Балықбаев