Loader icon жүктеу
Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары қауіпті ойыншықтарды қалай анықтайтынын көрсетті
Как выявляют опасные игрушки показали специалисты Кызылординского филиала Национального центра экспертизы 27.11.2019

Бүгін Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы балалар ойыншықтарының қауіпсіздігіне арналған баспасөз-тур өткізді.

Іс-шара барысында мамандар филиал зертханасында ойыншықтарға органолептикалық, физикалық-химиялық, токсикологиялық-гигиеналық, микробиологиялық, санитарлы-химиялық зерттеулер жүргізілетінін көрсетті.

Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда кәсіпкерге кемшіліктерді жою туралы ұйғарым беріледі, жоспардан тыс тексерулер тағайындалады.

Берілген ұйғарым орындалмаған жағдайда материалдар сотқа жолданады, әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес шаралар көріледі.

2019 жылдың 10 айында бақылаудағы сатып алу аясында 108 балалар ойыншықтары сынамаларына 1020 зертханалық зерттеулер жүргізіліп, оның 26 үлгілерінде органолептика, таңбалау, сыртқы түрі және бояуының сілекей мен терге тұрақтылығы бойынша сәйкессіздіктер анықталды.

Анықталған сәйкессіздіктер балалардың денсаулығына зиянын тигізіп, аллергиялық реакцияларға әкелуі мүмкін.

Өткен жылдың осындай кезеңінде 66 ойыншық сынамаларына 594 зертханалық зерттеулер жүргізіліп, оның 16 сынамасында сәйкессіздіктер анықталды.

Баспасөз-тур барысында Ұлттық сараптама орталығының мамандары сапалы ойыншықтар таңдауда тұтынушыларға бірқатар ұсынымдар берілді.

Олардың айтуынша, елеулі салдардың алдын алу үшін тұтынушыларға әрқашан балалар тауарларының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Мысалы, үш жасқа дейінгі балалар ойыншықтарында ұсақ бөлшектері болмауы керек, үшкір бұрыштары және басқа да балалар денсаулығына кері әсерін тигізетін болмауы өте маңызды. Ойыншық көлңктердің темір үшкірлері, тоққа қосылатын электронды толықтырғыштар болмауы қажет (оқыс оқиғалардың алдын алу үшін). Ойыншық және оның құрылым бөлшектері, бекітетін детальдарын қоса алғанда механикалық жүктемеге шыдауы тиіс. Өткір иісі бар резеңке және пластмассалық ойыншықтарды, жарқын түсті жұмсақ ойыншықтарды сатып алудың қажеті жоқ.

Сонымен бірге, сатып алу кезіңде заттаңбасына мұқият қарап, өндіруші туралы ақпараттың болуына көңіл аудару қажет. Ойыншықтарда міндетті түрде құрамы, жарамдылық мерзімі, өндірілген орны туралы заттаңба болуы қажет. Сатушылардан өнімнің сапасын растайтын сертификатты сұрауды ұмытпаңыз.

Қауіпсіздік мониторингі әрі қарай жалғасатын болады, балалар ойыншықтарынан басқа тағам өнімдерінің, тұрмыстық химиялық заттардың сынамалары сатып алынатын болады.

Анықтама үшін:

Филиалдың аккредиттеуден өткен сапалы сараптамалар мен анализдер жасай алатын құрал-жабдықтармен жабдықталған, 7 аудандық бөлімшелері келесі қызметтерді көрсетеді:

  • Санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, молекулярлық-генетикалық, радиометрия, радиохимия, дозиметрия және токсикологиялық зертханалық зерттемелерді қоса алғанда радиологиялық, электромагнитті өрістер өлшемдерін жүргізеді;
  • Ошақтық және профилактикалық дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізу;
  • Инфекциялық және паразитарлық аурулардың диагностикасы;
  • Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізу;
  • Жұмыс орындарын аттестациялаудан өткізу;
  • Камералық дезинфекция;
  • Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша санэпидсараптама жүргізу үшін сынамаларды алу;
  • Өндірістік бақылау жүргізу
  • Кәсібилікті тексеру Провайдері

Аталған қызметтерді көрсету барысында Кедендік Одақтың шешімімен бекітілген техникалық регламенттерді басшылыққа алып, жұмыс жүргізуде.

Жыл сайын техникалық регламенттер көрсеткіштері актуализацияланып, аккредитация аумағын кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Кедендік одақтың техникалық регламенттерімен белгіленген 1765 көрсеткіштер бар. Бүгінгі күні сынақ орталығымен 1032 көрсеткіштер анықталады, бұл 58 пайызды құрайды.

Ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік тапсырыс бойынша 441 907 зертханалық зерттеулер жүргізіліп, оның 9633 санитарлық нормаларға сәйкес келмеді.

Фотогалерея

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге