Loader icon жүктеу
Корея Республикасы Қазақстанға COVID-19-бен күрес мақсатында ПТР-тест түріндегі гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын жіберді
21.10.2020

Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі МаратШоранов Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-Сокпен кездесті.

Сондай-ақ, бұл кездесуге ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері мен ҚР ДСМ ТКҚСҚБК Ұлттық сараптама орталығының бас директоры Қанат Балықбаев қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, оның шеңберінде Корея тарапы Қазақстандағы коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу мақсатында гуманитарлық көмек көрсетті.

«Seegene» компаниясының корейлік өндірісінің «2019-nCOV Assay» ПТР-тестілерінің жалпы 388 жиынтығының бірінші партиясы Алматы қаласына 2020 жылғы 19 қазанда келіп түсті. Бұл 38 800 тест өткізуге мүмкіндік береді.

«Бізді Корея Республикасымен түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы бұрыннан келе жатқан достық әрі әріптестік қатынастар байланыстырады. Пандемияның осындай қиын кезеңінде біз Корей елінің қолдауын ерекше бағалаймыз және Оңтүстік Кореяның жоғары басшылығына Сovid-19-дың Қазақстан Республикасының аумағында таралуына қарсы күрес шеңберінде көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастарымыз, сондай-ақ стратегиялық әріптестігіміз өзара түсіністік негізінде нығайып, дами беретініне сенімдімін», - деп атап өтті денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов.

Қанат Балықбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда COVID-19 коронавирустық инфекциясын анықтау мақсатында 3 млн-нан астам зертханалық зерттеулер жүргізілген. Сондай-ақ, ол пандемияға қарсы күрес үшін қосымша ресурстар жұмылдырылғанын атап өтті. Мысалы, Ұлттық сараптама орталығында COVID-19 диагностикасына 1 500-ден астам қызметкер тартылған.

Корея Республикасы тарапынан жасалатын гуманитарлық көмектің екінші партиясы Қазақстанға 2020 жылдың қазан айының соңына дейін келеді.

Бұл ДДСҰ-ның «WHO global supply chain» ғаламдық жеткізілім желісі арқылы сатып алынатын пациенттерге арналған 72 оттегі концентраторы, 50 монитор болып табылады. Гуманитарлық көмектің соңғы, үшінші партиясы кореялық өндірістің FFP2 стандартының қорғаныс маскалары Қазақстанға тез арада жөнелту мақсатында әзірленіп жатыр.

«Бірқатар Еуропа елдері мен Орталық Азия елдерінде пандемияның таралуы ушығып жатқан уақытта Қазақстан Үкіметі пандемияның екінші ықтимал толқынына мұқият дайындалуда. Корея Республикасы Үкіметінің бұл гуманитарлық көмегі Қазақстанды COVID-19 пандемиясының екінші толқынына дайындау процесіне үлес қосады деп сенемін»,- деді Корея Республикасының Елшісі Ку Хонг-сок.

Фотогалерея

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге