жүктеу
Стратегия

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Орталық негізгі орталық аппаратынан және 20 филиалдан құралады, оның ішінде:

  • 14 облыстық және 2 Алматы және Астана қалалары бойынша;
  • 25 қалалық филиал бөлімшелері;
  • 158 аудандық филиал бөлімшелері;
  • 5 дезинфекция орталығы: Шымкент, Орал, Петропавл және Алматы қалаларында.

Бүгінгі таңда ҰСО келесі құрылымдар жұмыс жасайды:

  • Электромагниттік өрістер және басқа да физикалық факторлар бөлімдері бар, полимер материалдар және басқа да химиялық заттар токсикологиясы, пестицидтер мен улы химикаттар токсикологиясы, тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена, өнеркәсіптік гигиена, физикалық-химиялық зерттеу әдістері  санитарлық-гигиеналық зертханалары;
  • Паразитология бөлімшесі бар бактериологиялық зертхана;
  • Вирусологиялық зертхана;
  • Радиологиялық зертхана;
  • Аса қауіпті жұқпалар зертханасы;
  • Дезинфекциялық бөлім.

ҰСО миссиясы

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бола отырып, азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту, сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында біз халықаралық стандарттарға сәйкес сапалы және қажетті қызметтерді ұсынамыз.

Болжам

Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға, қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған.

Әлеуметтік жауапкершілік

Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады.

Кәсібилік

Орталық өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.

Аттестация рабочих мест Медицинский осмотр Очистка вентиляционных систем Дезинфекционные услуги Гигиеническое обучение декретированной группы населения