Кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша және (немесе) "Бизнес және құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау саласындағы мамандыққа сәйкес сертификатының болуы;"Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша жоғары немесе бірінші санатының болуы;денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, жұмыс тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.

Қызметтік міндеттері:

1. Филиалдың өндірістік қызметін ұйымдастырады.

2. Филиалдың зертханалары мен дезинфекциялық бөлімінің қызметіне басшылықты, ұйымдастыру-талдау жұмысын қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастырады, жұмысқа басшылық жасайды, зертханалық жабдықты тиімді пайдалануға, қызметтің нәтижелілігіне және зерттеу тиімділігінің индикаторлық көрсеткіштерін орындауға жауапты болады.

3. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, келешекке арналған және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады;

4. Филиалдың келесі мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және бақылайды:

1) филиалдың қызметіне рұқсат беру құжаттарын алу (лицензия, хабарлама, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, диагностикалық жұмыстарды жүргізуге арналған режимдік комиссияның рұқсаты);

2) мемлекеттік тапсырыс бойынша және заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша адамның тіршілік ету ортасы факторларын зертханалық зерттеу және өлшеу бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

3) радиометрияны, радиохимияны, дозиметрияны қамтитын санитариялық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық паразитологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, молекулалық-генетикалық, радиологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулерді, шу мен дірілді өлшеуді, электромагниттік өрістерді, желдету жүйесі жұмысының тиімділігін және адамның тіршілік ету ортасының басқа да факторларын орындау;

4) ошақты және профилактикалық дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізу (Кәсіпорынның Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша филиалдарынан басқа);

5) медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуды жүзеге асыру бойынша бақылау жүргізу;

6) зертханалық зерттеулердің бекітілген үлгілік және өңірлік номенклатурасын орындау;

7) филиал мен оның бөлімшелерінің қызметкерлерін кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды, аттестаттауды өткізу;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды, медицина қызметкерлерін, басқа салалардағы мамандарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша оқытуға бақылау жүргізу;

9) облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуге қатысу;

10) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге және инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалауға қатысу;

11) Филиал мен оның бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу және қолдау;

12) халықаралық стандарттар талаптарын орындау, аккредиттеу рәсімдері мен мерзімдерін сақтау;

13) Кеден Одағының техникалық регламенттерінің көрсеткіштерін орындау;

14) ББҚК (қызметтер тарификаторы) порталында хаттамалар мен журналдарды сапалы және уақтылы толтыруды жүргізу;

15) Филиал зертханаларын қажетті жабдықтармен, зерттеу жүргізуге арналған құралдармен жабдықтау бойынша уақтылы жоспарлау;

16) өлшеу құралдары мен зертханалық жабдықтарға тексеру жүргізу;

17) сәйкес келмейтін өнімнің, мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған зертханалық жабдықтың жүктемесінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, санитарлық-гигиеналық, радиологиялық зертхананың, жоғары дәлдіктегі жабдықтың жүктемесімен жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының зерттеулерін орындау, зерттеудің жаңа әдістерін игеру;

18) зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізу бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету;

19) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту, өндірістік бақылау, жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу;

20) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтердің әлеуетті тұтынушыларын ақпараттандыру және қызметтерді іске асыруды ілгерілету үшін жарнамалық іс-шаралар өткізу;

21) Филиалдың Зертханалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

22) Филиалдың қалалық/облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен филиал қызметінің сұақтары бойынша өзара әрекеттесу.

5. Филиалдың өндірістік қызметі бойынша уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

6. Ғылыми қызмет, зерттеудің жаңа әдістері мен әдістемелерін енгізу бөлігінде жалпы басшылықты жүзеге асырады;

7. Әдеп нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қауіпсіздігін, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық режим бойынша жұмыстарды сақтауды қамтамасыз етеді.

8. Салық органына жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсынады, кейін декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін Кәсіпорынның қызметкермен жұмыс және іс жүргізу департаментіне ұсынады.

3.9. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, еңбекке жарамсыздығы) оның міндеттерін атқарады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен немесе egov арқылы беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 7 маусым сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.