Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы (бұдан әрі-Филиал) бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Филиал қызметінің мақсаты - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бухгалтері бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар жұмыс өтіліне талаптар қойылмайтын немесе, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады
Лауазымдық міндеттері:
1. Мемлекеттік тапсырыс және ақылы қызметтер бойынша мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өнімді өндіруге, сатуға арналған шығындарды, Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін және т. б.) жүргізу жөніндегі жұмысты орындау;
2. Негізгі қорлар мен тауарлы – материалдық қорлардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету;
3. Бухгалтерлік есептің тиісті бағыттары бойынша бастапқы құжаттамаларды қабылдау және бақылау, оларды бухгалтерлік өңдеуге дайындау;
4. Негізгі құралдарды және тауарлық – материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу.
5. Есеп беру үшін бухгалтерлік есептің тиісті бағыттары бойынша мәліметтерді дайындау, есеп құжаттарының сақталуын бақылау және белгіленген тәртіпте дайындау.
6. Тікелей жетекшінің жеке ресми тапсырмаларын орындау.
7. Филиалдың сапа нұсқаулығына сәйкес сапа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
8. Филиалдың сапа жүйелерін үнемі қолдау және жақсарту.
9. Ақпараттың құпиялылығын, құжаттардың және қатаң есеп беру нысандарының сақталуын қамтамасыз ету.
10. Өзіне сеніп тапсырылған мүліктің және материалдық құндылықтардың жұмысқа жарамдылығын және сақталуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:
1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);
7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 050002, Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 3А ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2025 жылғы 29 сәуір сағат 18.30.
Анықтама телефоны: 8 708 165-00-24.