15 наурыз Дүние жүзілік тұтынушылар құқықтарын қорғау күні болып табылады. Осы күннің құрметіне Қазақстан Республикасының аумағында «Ұлттық сараптама орталығы» Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетімен бірлесе отырып, «Азық-түлік сапасы – денсаулық кепілі» тақырыбында акция өткізді.
3500 астам сатып алушы сатып алған орнында тағам өнімдеріне экспресс-талдау жасады. Бұл халыққа пайдаланатын тағам өнімдерінің сапасын анықтауға мүмкіндік берді:
- ет және кулинарлық өнімдерді сапалы термоөңдеу;
- сүт қышқылды өнімдердің қышқылдығы;
- балдың табиғилығы;
- шараптың табиғилығы;
- нитраттар мөлшері (жемістер мен көкөністер);
- микроағзалармен ластану.
Акцияны өткізу орны ірі сауда нүктелері (көтерме базарлар, супермаркеттер, сауда-ойын-сауық орталықтары) болды. Талдау тегін жүргізілді. Акция барысында 3777 сынама алынып, оның 57 нормативті-құқықтық актілер талаптарына сәйкес болған жоқ. «Ұлттық сараптама орталығы» мамандары сызықшалы-код пен таңбалауды оқу әдістемесін түсіндірумен қатар, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін зерттеу экспресс-әдісін көрсетті.