Санитарлық дәрігер: қарбыздар мен қауындарды жылдың кез келген уақытында жеуге болады
Санврач: Арбузы и дыни можно есть в любое время года 24.07.2017

Бақша дақылдарын сату кезеңі қызып тұр. Алайда қарбыздар мен қауындарды тек тамыз айында ғана сатып алу керек деген пікір бар. Ол шын мәнінде солай ма? El.KZ журналисттері өздерінің жеке зерттеуін жүргізді. Кеңсенің жанындағы дүкеннен «жолақтыны» сатып алып оны зертханаға алып барды, онда нитраттардың бар жоқтығына зерттеу жүргізді.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің техникалық регламенттерге қойылатын талаптарды сақтау бөлімінің басшысы Карлығаш Абдишеваның айтуынша, тұтынушы қарбыз немесе қауын құрамында нитраттар мен пестицидтердің болатындығын көзбен анықтай алмайды, мұны тек мамандар істей алады. Өнімнің түсі сапалық құрамы емес, оның піскендігін ғана көрсете алады.

Зертханашы біздің «жолақтыны» ағынды су астында мұқият жуады.  Бұндай процедура Ұлттық сараптау орталығына келетін барлық өнімдерге жасалады. Сонымен қатар орталық қызметкерлері ыдыстарда қарбыздарды жуу – ондағы балшықты ғана кетіреді.

Зертханалық зерттеуге не бары 10 грамм ғана қажет.

«Кез-келген жеміс-көкөніс және өсімдік шаруашылығы өнімдерін белгілі бір жағдайларда ғана сатып алуға болады. Онымен қоса маусым ерекше рөл атқармайды. Мысалы, дүкендерде қарбыздарды Жаңа жыл кезінде де сатады. Қарбызды сатып алу кезінде ең бастысы – оның сыртқы келбетіне назар аудару. Егер жарықтары, қарбыз соғылған немесе тым кір болса, онда мұндай өнімді алуға болмайды. Соғылған жерлері арқылы жеміске балшық кіреді, сол себепті оның бұзылу қаупі бар. Жазғы ыстық күндерде  өнімдерді жабық орындарда сатып алу керек, себебі күн мен судың тікелей әсерімен өнім өзінің қасиеттерін өзгертеді», - деп атап өтті Карлығаш Абдишева.

Оның айтуы бойынша қарбызды алар кезде сатушының онда тілік жасауын сұраудың қажеттілігі жоқ. Бұндай операциядан кейін жидекке көшеден балшық кіруі мүмкін. Оның үстіне, тілік жасайтын қолдың және пышақтың тазалығына ешкім сенімді бола алмайды.

Бас Прокуратураның бекітілген жоспарына сәйкес, орталық мамандары қаладағы жеміс-көкөніс өнімдерін сатуға негізгі нүктелерге жоспарлы тексерулерді жүргізіп отырады. Биылғы жылы көкөністермен улану оқиғалары тіркелмеген. 2017 жылға қарай Астанадағы Ұлттық сараптау орталығының филиалы 2018 өнімнің сынамаларын қарады, оның 19-ы белгіленген стандарттарға сәйкес келмеді, бұл 0,9% құрайды. Бұған ұқсас сәйкессіздіктер картопта, құлпынайда, асқабақта, шомыр және шалғамда табылды.

Көкөністер мен жемістер көбінесе «Ширин», «Алаш», «Биг Шанхай», «Көк базар» базарларынан әкелінеді. Қазіргі уақытта Астанаға барлық жемістер мен көкөністер және бақша дақылдары Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Қытайдан жеткізіледі, сондай-ақ экзотикалық елдердің өнімдері де кездеседі. Біздің қарбызбен қатарласа мамандар қырыққабат пен картопқа зерттеу жүргізді.

«Жосықсыз сатушылар мен жеткізушілерге қатысты нәтижелер бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Біз бұл өнімдер арнайы комиссияның қатысуымен  сатылымнан алынып, көзі жойылады деп уәде береміз», - деп айтты Карлығаш Абдишева.

Сұхбаттасушы, сату орындарындағы барлық өнімдер сәйкестігін куәландыратын құжаттармен бірге жүруі керек деп атап өтті. Ол құжат Еуразиялық экономикалық комиссиясының талаптарына сәйкес рәсімделетін сәйкестік декларациясы табылады. Сауда нүктелерінің куәліктері растаушы құжат болып табылмайды.

«2016-2017 жылдары жеміс-көкөніс өнімдерінен улану тіркелмеген. Адамдардың қарбыздың себебінен жаман сезініп тұрмын деп ойлап жүгінетін кездері болады. Бұл жағдайда, ең алдымен, адам өзі гигиена жағдайын сақтамаған: қолдарын жуу, жемісті жуу, оны антисанитариялық жағдайға пайдаланбау», - деп қорытындылады Карлығаш Абдишева.

Сатып алынған қарбыздың құрамындағы нитраттар қалыпты болып шықты – 36 миллиграм, килограммға 60 миллиграмм рұқсат етілген. Атап өтерлігі, қауынға белгіленген норма – өнімнің килограммына 90 миллиграмм нитрат. «Денсаулықтарыңыз мықты болу үшін жеңіздер», - деді зертханада.

Фотографияны - Арман Мухатов жасаған
Мақала авторы - Олег Рябченко

http://el.kz/ru/news/vazhno_znat_/sanvrach__arbuzi_i_dini_mozhno_est__v_luboe_vremya_goda