ҰСО БҚО бойынша филиалы мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурсқа тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

  1. мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу, тендерлерге келісімшарттарға қол қою мерзімдерін келісу;
  2. есеп беруді уақтылы қамтамасыз ету;
  3. тендерлердің нәтижелерін бақылау;
  4. дайындалған құжаттарды конкурстық комиссияға ұсыну;
  5. мемлекеттік сатып алу шеңберінде өнімдердің нарықтық зерттеулерін жүргізу;
  6. Microsoft office (Word, Excel, Outlook, т.б).  кеңсе қосымшаларын еркін білу.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) бар болған жағдайда ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтері).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден-18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Орал қаласы,  Н.Назарбаев даңғылы, 191/4 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жыл 15 сәуір, сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7112) 51-00-61; 8(7112) 51-21-11.