Кәсіпорынның БҚО бойынша филиалы кадр жөніндегі маман бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) кадрлар жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілік талаптары:

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, Қазақстан Республикасының азаматтары Батыс Қазақстан облысы бойынша Филиалдың кадрлар бойынша маманы бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

  1. ұйымды қажет етілетін кәсіптегі, мамандықтағы және біліктілікті жиынтықтау бойынша жұмысты орындайды;
  2. кадрларды жұмысқа қабылдау, іріктеу, орналастыру бойынша жұмысқа қатысады;
  3. ұйымның және оның бөлімшелері персоналының лауазымдарын және кәсіби біліктілік құрылымын, кадрларды есепке алу жөніндегі, жұмыскерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, еңбек жолы және жұмыстан босатуға байланысты белгіленген құжаттаманы, аттестациядан өткізу нәтижелерін және кадрларға ағымдағы және перспективадағы қажеттілікті айқындау мақсатында олардың іскерлік қасиеттерін бағалауды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
  4. бос лауазымдарға орналасу және жоғарылату жөнінде ұсыныстар дайындайды;
  5. кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру көздерін анықтау, оқу орындарымен тікелей байланыстар, ұқсас саладағы ұйымдармен байланыс орнату және ұстап тұру үшін еңбек нарығын зерделеуге қатысады;
  6. ұйым жұмыскерлерінбос лауазымдар туралы хабардар етеді;
  7. еңбек жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысады;
  8. жас мамандарды және жас жұмысшыларды оқу орнында алған кәсібіне және мамандығына сәйкес орналастыруды және орналастырып қоюды қамтамасыз етуді, олардың тағылымдамадан өтуін бақылауды жүзеге асырады;
  9. жаңадан қабылданған жұмыскерлерді өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысқа қатысады;
  10. персоналды дамыту, іскерлік мансапты жоспарлау, кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындауға, сондай-ақ оқытудың тиімділігін бағалауға қатысады;
  11. біліктілік, аттестациялық, конкурстық комиссиялардың жұмысын әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, олардың шешімдерін ресімдеуге қатысады;
  12. еңбек тәртібінің жай-күйін және ұйым қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібінің тәртібін орындалуын, кадрлардың қозғалысын талдайды, тұрақтамауды төмендету және еңбек тәртібін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  13. қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, олардың қазіргі және өткен еңбек жолы туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшалары мен өзге құжаттарды сақтау және толтыру тәртібін сақтауды, кадрлар жөніндегі өзге де белгіленген құжаттаманы ресімдеуді, сондай-ақ ұйым персоналы туралы дерекқорға тиісті ақпарат енгізуді бақылайды;
  14. 1С, ЗУП, СУР, ЕСУТД бағдарламаларында жұмыс және белгіленген есептілікті жасайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) бар болған жағдайда ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын бас директорының 21.11.2018 ж. №523 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметтері).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден-18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), Орал қаласы,  Н.Назарбаев даңғылы, 191/4 мекен жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жыл 15 сәуір, сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8(7112) 51-00-61; 8(7112) 51-21-11.