Атырау облысы бойынша филиалының сапа жөніндегі маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманына қойылатын біліктілік талаптары:

Сапа жөніндегі маман лауазымына жоғары кәсіптік білімі, 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.

Сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының сапа жөніндегі маманының лауазымдық міндеттері:

1) 17025, 15189, 17043, 9001 стандарттарының талаптарына сәйкес Филиалда СМЖ әзірлеуге, енгізуге және қолдауға тікелей қатысуы;

2) Филиалда СМЖ бойынша жоспарлы дамуды, жетілдіруді және үйлестіруді қамтамасыз етуі;

3) Филиал қызметкерлерін жүйелі түрде даярлауға және оқытуға бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыруы;

4) Сапа жөніндегі менеджердің тапсырмасы бойынша Филиалдың СМЖ-да қосалқы жұмыстарын орындауы;

5) Сапаны басқару жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеуі;

6) СМЖ жұмысын талдау және оны жетілдіру мен жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуі;

7) Ішкі тәртіп, санитариялық-эпидемиологиялық режимді, еңбек және биологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – Конкурсқа қатысушы) мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды. Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымы) бар болған жағдайда ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірліі Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жанындағы РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен, Басқарма төрағасының 21.09.2023 жыл № 55 хатымен («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті» РМК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК интернет-ресурстарында орналастырылған»).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін), 060000, Атырау қаласы, Гурьев көшесі, 7А мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 12 мамыр сағат 18.30-да

Анықтама телефоны: 8 (7122) 32-23-36.