Қазіргі уақытта әртүрлі препараттардың, сондай-ақ олардың жалған түрлерінің саны өте көп. Шынында да, кейбір препараттар, әсіресе олардың жалғандары, өте ерекше иіске ие болып, із қалдыруы мүмкін.
Ұлттық сараптама орталығы препарат өндірушілермен тікелей жұмыс істейді! Біздің мамандар тек жеңіл иісі бар және жиһаз бен тұсқағаздарда із қалдырмайтын препараттарды ғана қолданады! Өңдеуден кейін иіс тек препараттың әсер ету (экспозиция) уақыты кезінде ғана, яғни 3–4 сағат бойы сезілуі мүмкін. Желдеткеннен кейін иіс толықтай жойылады!
Жәндіктерге қарсы өңдеуден кейін пәтерді сабын-сода ерітіндісімен жуу қажет! Алайда бүкіл пәтерді емес, тек жиі жанасатын беттерді жуған дұрыс, себебі өңдеуден кейін қалған қалдық қабықша маман кеткеннен кейін де тиімді әсерін жалғастырады. Одан да жақсысы — дезинфектор келгенге дейін мүмкіндігінше толық тазалық жұмыстарын жүргізу.
Бүріккіш арқылы шашу әдісімен өңдеу жүргізілгенде, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін 3–4 сағаттан соң пәтерге кіруге болады. Осы уақыт аралығында пәтер жабық күйде, терезелері де жабық болуы тиіс.
Бүріккішпен өңдеу — бұл ылғалды өңдеу әдісі, одан кейін беттерде көзге көрінбейтін қалдық қабықша қалады. Ол сіздің нысанды тағы да 2–4 апта бойы тиімді қорғайды.
Жиі жанасатын беттерге 3–4 сағат өткен соң сабын-сода ерітіндісімен ылғалды тазалау жүргізу қажет. Жиі жанасатын беттер — үстел беттері, шкаф тұтқалары және қолмен ұстайтын басқа да орындар. Ал қол тимейтін жерлерді жумаған дұрыс, өйткені ол жерлерде қалдық қабықша, яғни дезинфекциялық препараттар әсерін жалғастыра береді.
Иә, қажет. Дезинсекциялық маман келгенге дейін пәтерді келесі түрде дайындау керек:
1.Барлық ашық және герметикаланбаған өнімдерді алып тастау. Герметикалық қаптамадағы өнімдер сол жерде қалуы мүмкін.
2.Жеке гигиена құралдарын (тіс щеткалары, сабын, сүрткіштер, щеткалар, спонждар және т.б.) алып қою.
3.Ванна астындағы кеңістікті босату, егер ол бөгелген болса.
4.Дезинфектор келгенге дейін пәтерді мүмкіндігінше толық тазалау.
5.Үйде үй жануарлары болса, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкін болса өңдеу кезінде және одан кейінгі 3–4 сағатқа оларды басқа жерге апару.
6.Үй өсімдіктерін алып қою.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 «Нысанды пайдалануға қабылдау актісінің формасын бекіту туралы» және № 235 «Құрылыс-монтаж жұмыстардың сапасы және атқарылған жұмыстардың жоба мен сәйкестік декларациясына сәйкес екендігі туралы қорытындылар формасын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының 2-қосымшасының 12-бөліміне сәйкес, ғимараттардың дыбыс оқшаулауы жобада көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек және аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізген зертханалық өлшеулердің нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізетін мемлекеттік ұйымның берген сараптамалық қорытындысымен расталуы қажет.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (будан әрі-Кәсіпорын), халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы мемлекеттік ұйым болып табылады.
Біздің Кәсіпорынның аккредиттелген зертханалары ғимараттарды пайдалануға беруге, жөндеу жұмыстарынан кейін және басқа жағдайларда соққы шуды зертханалық-инструменталды өлшеулерін жүргізіп, дыбыс оқшаулау бойынша сараптамалық қорытындылар береді.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу ережелерінің 3-бөліміне сәйкес (әрі қарай–Ережелер), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер мынадай:
1) жарамдылық мерзімінің өткені;
2) сапасыздықтың айқын белгілері (бүліну, ыдырау, ластану) анықталған жағдайда жүргізілмейді.Кәсіпорынның бос лауазымдарына жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
кәсіпорынның филиалы, өкілдігі директорының және/немесе директорының орынбасары лауазымдарына — тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша тағайындау немесе филиалдың, өкілдіктің бас бухгалтері лауазымына — кәсіпорынның келісімі бойынша тағайындау.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол немесе курьерлік пошта арқылы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.