Қансорғыш жәндіктердің саны Қазақстан бойынша СҚО-да ең жоғары болып саналады
В СКО численность кровососущих насекомых одна из самых высоких в Казахстане 26.08.2019

Біздің облыс тұрғындары, ұзақ және қатты қыстан кейін, әрқашанда, көктемгі-жазғы мезгілді тағатсыздана күтеді. Бірақ, көктем мен жаз келгенде, Батыс-Сібір аумағында орналасқан Солтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары үшін жаңа қиыншылықтар туындайды – бұлар: кенелер, масалар, соналар, мүк,шыбын-шіркейлер.

Бұдан басқа, қансорғыштар адамдарға, үй малдары мен басқа жануарларға да зақым келтірумен бірге, бірқатар инфекциялық (жұқпалы) ауруларды тасымалдаушы болып табылады: кене бөртпе сүзегі, туляремия, малярия, боллериоз, филяриоз және т.б

Сан есебін жүргізу және фенологиялық бақылау гнус құрауыштарының арасында жылына бір генерациядан, бірақ өте мол және жаз бен күз бойы бірнеше масалар мен гнустың басқа құрауыштарын генерациялайтын 20-дан астам полициклиялық түрлер бар екенін көрсетеді.

Атап өткен жөн, әр онкүндікте жаңа маса генерациясы ұшады. Қансорғыштар санының өсуі орын алады. Олар санының өсу шыңы, тамыздың 2-3 онкүндігіне келеді. СҚО қансорғыш жәндіктердің саны бойынша Қазақстанда ең жоғары, сондықтан да ауқымды,тұрақты өңдеу жүргізуді (он күн сайын) адамдар көп жиналатын кешкі жерлерде ( саябақтарда, саяжайларда т.б), сондай-ақ кешкі және түнгі адамдар еңбек қызметімен айналысуды жалғастыратын жерлерде (вокзалдар, әуежайларда т.б) талап етеді.

Қансорғыш жәндіктер мен кенелердің көп түрлілігі мен санының жоғарылылығына қарамастан, сондай-ақ қансорғыш жәндіктер арқылы берілетін ауру жағдайларын тіркеу және инсектицидтерге бағаның өсуі, басқа да іс-шараларды өткізу шығындары, сонымен бірге 3-тен 5-6 өңдеу жұмыстарын өткізу қажеттілігіне, біздің облысқа бөлінетін қаржы (4,0 млн теңгеге жуық) бір өңдеу жұмысына, облыс орталығының орталық көшелері мен екі саябаққа ғана жеткілікті.Мүмкін осы себептерден,бізде алдын-алу іс-шараларын өткізу тиімді емес, өзіміз қаласақ та.

Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, біздің облыстың климаты мен жәндіктер санына ұқсас (Павлодар, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстанда) осы мақсаттар үшін көлемді қаржы бөлінеді, оң нәтижелерге қол жеткізеді және осы өңірлерде қансорғыш жәндіктердің маусымдық санының деңгейіне неғұрлым тиімді әсер етеді, демек, халықтың жайлы, қауіпсіз өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді.

«Ұлттық сараптама орталығы»

ШЖҚ РМК «СКО бойынша

дезинфекция орталығы»

филиалының директоры

П.А Петушков