Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек №1 аудандық бөлімшесі бастығының бос лауазымына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – Кәсіпорын) Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек №1 аудандық бөлімшесі бастығының  бос лауазымына конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Бәйтерек №1 аудандық бөлімшесі  бастығының бос лауазымына   қойылатын біліктілік талаптары: 

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы жоғары медициналық білімі, "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру" ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") мамандығы бойынша бірінші/жоғары біліктілік санаты.

Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Кәсіби білімге қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары», "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", құзыреті шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер, Әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздері, емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздері, халық денсаулығының статистикасы, Денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыру, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білуі.   

Лауазымдық міндеттері. Құрылымдық бөлімшеге басшылықты жүзеге асырады. Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы бөлігінде органның құрылымдық бөлімшелерімен жұмысты және тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Қабылданатын шешімдерге, мүліктің сақталуына және тиімді пайдаланылуына жауапты болады. Қызметтің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, олардың өмірі мен еңбегі үшін қауіпсіз және салауатты жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Зертханалық қызметтің жаңа әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, адам денсаулығына, оның мекендеу ортасына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу бойынша орынды шаралар қабылдайды. Құзыреті шеңберінде гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, Санитариялық қағидалардың, нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды ұйымдастырады. Дәрігер кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың кәсіби білімдерін дамыту бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.Құрылымдық бөлімшенің қызметін талдауды жүзеге асырады және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде облыста жұмыстың нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдайды. Ішкі еңбек тәртібі талаптарының орындалуын, медициналық этиканың, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары», "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", құзыреті шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер, Әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздері, емдеу-профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздері, халық денсаулығының статистикасы, Денсаулық сақтау өлшемдері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктері, науқастарды әлеуметтік және медициналық оңалтуды ұйымдастыру, еңбек туралы заңнама, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.     

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар  мынадай құжаттарды ұсынады: 

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген), фото;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен беріледі).

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) әңгімелесу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша кәсіпорын филиалы, өкілдігі бөлімшесінің бастығын лауазымға тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі кәсіпорынның бас директорының 31.10.2017 ж. № 369 бұйрығымен бекітілген кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу ережелерімен реттеледі (кәсіпорынның сайтында орналастырылған).

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін Орал қаласы, Назарбаев даңғылы 191/4 мекенжайы бойынша жүргізіледі

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 27 мамыр  сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8(7182) 510061