Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Алматы облысы бойынша филиалының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандары мен Текелі қалалық бөлімшелерінің басшысы бос лауазымдарына орналастыруға конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалының (бұдан әрі - филиал) Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандары мен Текелі қалалық бөлімшелерінің басшысы бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Алматы облысы бойынша филиалының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандары мен Текелі қалалық бөлімшелерінің басшысы бос лауазымдарына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиалдың қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Филиалдың қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Филиалдың Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандары мен Текелі қалалық бөлімшелерінің басшысы бос орын лауазымына орналастыру конкурсына "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы;

Филиалдың Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандары мен Текелі қалалық бөлімшелерінің басшысының қызметтік міндеттері:

Денсаулық сақтау (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет) ұйымдарындағы өндірістік, шаруашылық қызметтерді басқарады, қабылданған шешім, мүліктің сақталуы және тиімді пайдаланылуына толық жауап береді. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды. Мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлер жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылдарын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды. Білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды. Ұйым қызметінің талдауы және оның жұмыс көрсеткіштерінің бағасы негізінде ұйым жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді, санитариялық ережелер мен нормаларды және гигиеналық нормативтерді сақтауды оперативті және зертханалық-аспаптық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады. Ұйым қызметінде, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық басқару үшін құқықтық құралдарды пайдалану, шарттық және қаржылық тәртіпті бекіту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне қатысты заңдылықты сақтауды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасады, мәміле жасайды. Өз құзырына қатысты мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның өкілі болады. Медициналық этиканың орындалуын, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді.

"Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қрғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік Кәсіпорынның (бұдан әрі-Кәсіпорын) Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Алматы облысы Талдықорған қаласы, Сланов көшесі, 75А үй,  201 кабинет, кадр бөлімі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 14 қыркүйек сағат 18.30.

Анықтама телефоны: 8(7282) 390365.