Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Экономика және жоспарлау департаментінің экономисінің бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.
Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.
Біліктілік талаптары:
Кәсіпорынның Экономика және жоспарлау департаментінің экономисінің бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары (немесе ЖОО-дан кейінгі) білімі бар және экономика және қаржы саласында 3 (үш) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Қызметтік міндеттері:
1) өндірістің тиімділігі мен табыстылығын арттыруға, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде жоғары соңғы нәтижелерге жеткізуге бағытталған ұйымның экономикалық қызметін іске асыру бойынша жұмыстарды орындайды;
2) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық-қаржылық, өндірістік және коммерциялық қызмет жоспарларының (бизнес жоспарлар) жобасын құрастыруға мәліметтер дайындайды;
3) Өндіріске қажетті материалдық, еңбек және қаржылық шығындар бойынша есептеулер жүргізеді;
4) Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және оның құрылымдық бөлімшелеріне экономикалық талдау жүргізуді іске асырады, өндіріс қорларын айқындайды, үнемдеу тәртібін қамтамасыз ету, өндірістің табыстылығын арттыру, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі, өндіріске және жұмыстар мен қызметтерді іске асыруға шығындарды төмендету, өндірістік емес шығындарды жою, сонымен бірге жұмыстар мен қызметтерді ұсынуда мүмкіндіктерді анықтау бойынша шараларды дайындайды;
5) мерзімдік есептілікті белгіленген мерзімде дайындайды;
6) экономикалық ақпараттың мәліметтер базасын қалыптасытру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, мәліметтерді өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді;
7) есептегіш техникасының көмегімен шешілетін міндеттердің немесе олардың басқа кезеңдерінің экономикалық орнатылуын қалыптастыруға қатысады, экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйесін құруға мүмкіндік беретін дайын жобалардың, алгоритмдердің, қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің қолданылу мүмкіндігін анықтайды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;
3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үй);
Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілік бағасы;
2) тестілеу;
3) сұхбаттасу өткізу;
4) конкурс қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2021 жылғы 21 қыркүйек сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.