Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы сапа жөніндегі менеджері лауазымына конкурс жариялайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: стандарттау, метрология, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары білім не медициналық білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі.
Лауазымдық міндеттері:
1. Сапа менеджменті жүйесін енгізеді және ұйымда енгізілген стандарттар талаптарының орындалуын қолдайды;
2. Ұйымда сапа менеджменті жүйесінің жүйелі дамуын, жетілдірілуін бақылайды;
3. Аккредиттеуден өту үшін материалдарды енгізілген стандарттар талаптарына сәйкестігіне дайындауды ұйымдастырады, сондай-ақ аккредиттеу рәсімінен сәтті өткен жағдайда кейінгі мерзімдік инспекциялық бақылаудан өтуді жоспарлайды;
4. Ішкі тексерулер жоспары мен бағдарламасын жасайды, сондай-ақ аудит жоспары мен бағдарламасын ұйымның мүдделі адамдарына жеткізеді;
5. Ұйымның сапа жөніндегі маманының жұмысын үйлестіреді;
6. Көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және жұмыстарды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізеді;
7. Сынақ зертханаларында зертханааралық салыстырып тексерулерді, дербес зертханааралық салыстырып тексерулерді, оның ішінде халықаралық провайдерлермен жүргізуді жоспарлауға және қамтамасыз етуге қатысады, сондай-ақ сапаны сырттай бағалауды орындауды бақылайды;
8. Игерілген жаңа зерттеу әдістері бойынша көрсеткіштерді аккредиттеу саласына енгізуді бақылауды жүзеге асырады;
9. Сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша персоналмен консультациялық және әдістемелік жұмысты жүргізеді;
10. Ұйым қызметкерлерін сапа менеджменті жүйесі саласында оқытуды жоспарлайды;
11. Сапаны басқару бойынша нысаналы бағдарламалар мен міндеттердің орындалуын әзірлеуді, бақылауды және талдауды жүргізеді;
12. Сапаны басқару жүйесін енгізу, стандарттар мен техникалық регламентті енгізу бойынша озық отандық, халықаралық тәжірибені және талаптарын зерделейді;
13. Сынақ/зерттеу жүргізуді бақылауға қатысады;
14. Биоқауіпсіздік және биоқорғау мәселелері бойынша іс-шараларды бірлесіп ұйымдастырады;
15. Оқытуға, біліктілігін арттыруға, зертханалық кеңеске, сынақ орталығы қызметкерлерінің құзыреттілігін бағалауға қатысады;
16. Ішкі аудит жүргізуге қатысады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген тендерге қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне egov арқылы береді).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген тендерге қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті egov арқылы береді).
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда қайтаруға жатпайды.
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.
Байқау келесі кезеңдерден тұрады:
1) біліктілікті бағалау;
2) тестілеу;
3) сұхбат жүргізу;
4) конкурстың қорытындысын шығару.
Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорын Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы No 369 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорын қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен реттеледі (Кәсіпорынның интернет-ресурсында орналастырылған).
Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 12.30-ге дейін және 14.00-дан 18.00-ге дейін Ақтау қаласы, 3 б шағын аудан, 46 ғимарат.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың 31 мамыр, сағат 18.00.
Анықтама телефоны: 8(7292) 50-32-94, 52-61-52.