Кәсіпорынның шаруашылық қызмет, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті директорының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Шаруашылық қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті директорының бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Шаруашылық қызметі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар департаменті директорының бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік немесе экономикалық білімі және мамандығы бойынша басшы лауазымдарында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Департаменттің қызметін жалпы басқару, үйлестіру және жоспарлау;

2) кәсіпорынның операциялық жоспарында, кәсіпорынның стратегиялық жоспарында бекітілген іс-шаралардың, сондай-ақ кәсіпорын Басқармасы Төрағасының орынбасары тапсырмаларының (нұсқауларының) уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;

3) Департаментке жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;

4) Департамент құзыреті шегінде кәсіпорын филиалдарының қызметін үйлестіру;

5) Департаменттің құзыреті шегінде даму жоспарына және бюджеттік өтінімге филиалдардың өтінімдерін қарау және олар бойынша ұсыныстар беру;

6) өз құзыреті шеңберінде кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

7) кәсіпорынды жабдықтауды және шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру;

8) кәсіпорын мен филиалдардың тауарлық-материалдық құндылықтарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

9) тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу, бақылау және есептен шығару үшін қажетті құжаттарды дайындау;

10) жөндеу жұмыстарының көлемін тексеру және құнын бағалау, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы тексеру жөніндегі рәсімдерді ұйымдастыру және бақылау;

11) бекітілген жоспарларға сәйкес күрделі және ағымдағы жөндеулер мен құрылыстың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;

12) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және іс-шараларды бақылау;

13) Кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге, Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру мен әдістерін жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысу және бақылау;

14) Кәсіпорынның стратегиялық құжаттарын әзірлеуге қатысу;

15) бизнес-процестерді реттеуге қатысу және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Кәсіпорынның ішкі бизнес-процестерін үнемі жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

16) Департамент қызметінің нәтижелері бойынша есептерді белгіленген мерзімде дайындау;

17) Департамент жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

18) Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;

19) тексеру нәтижелері бойынша ескертулерді жоюды ұйымдастыру және бақылау;

20) Департаменттің міндеттері мен функцияларына, Кәсіпорын басшылығының тапсырмаларына сәйкес басқа да міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетімен беріледі, Омаров көш., 60 үйнемесе egov арқылы);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы №369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 1 маусым сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.