Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Кәсіпорынның құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заңгері бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заңгерінің бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заңгерінің бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік білімі, мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Кәсіпорын Басқармасының төрағасына қол қоюға ұсынылған бұйрықтардың, нұсқаулардың және басқа да құқықтық және өзге де актілердің (құжаттардың), сондай-ақ келісімдердің (келісімшарттардың, шарттардың) жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруге; тексерілген келісімдерге (келісімшарттарға, шарттарға) және басқа құжаттарға қол қою;

2) Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануға;

3) заңнаманы түсіндіруге, Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарына және қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетуге, мүдделі тұлғаларды құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуге және кеңес беруге;

4) Кәсіпорынның заңды құқықтары мен мүдделерін заңды тәсілдермен қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының, басқа да мемлекеттердің ұйымдарында оның мүдделерін білдіруге;

5) Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қолданылуы мүмкін ұсынымдарды дайындайды;

6) дербес немесе Кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ жеке сипаттағы аса маңызды және күрделі құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті;

7) Кәсіпорынға келіп түскен құқықтық құжаттардың жобаларын, оның ішінде Кәсіпорынның басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, қарау (рецензирование);

8) Кәсіпорын қызметіне байланысты жасалған шарттарға (келісімшарттарға, келісімдерге), халықаралық шарттарға (келісімшарттарға, келісімдерге) және жобаларға қатысты басқа да құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу, оларды дайындауға қатысу, Директорға жасалған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шарттарына сәйкестігіне бақылауды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

9) талап қою-арыз жұмысын жүргізу және Қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында талап қоюшы немесе жауапкер ретінде сот істеріне қатысуға;

10) Департаменттің қызметін жетілдіру мақсатында жаңа әдістерді іздестіру және жұмысына талдау жүргізу;

11) заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлейді және оларды Кәсіпорын басшылығының қарауына енгізеді;

12) Кәсіпорын басшылығының құқықтық мәселелер бойынша тиісті өкімдері негізінде жүргізілетін филиалдардың қызметін тексерулерге қатысуға;

13) қажет болған жағдайда отырыстар мен кеңестерге талдамалық есептерді, ақпараттарды, презентацияларды және басқа да материалдарды, сондай-ақ Кәсіпорын Басқарма төрағасының сөз сөйлеулеріне тезистерді дайындауға қатысуға;

14) кіріс хат-хабарлар бойынша материалдарды уақтылы дайындауға қатысу, қажетті ақпаратты (есептерді, материалдарды), оның ішінде Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұратуға;

15) құрылтай құжаттарын әзірлеуді, тіркеуді және оларға өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

16) Кәсіпорынның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Кәсіпорын қызметін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттарды алуға өтінімдерді, өтініштерді дайындайды;

17) заңнаманы түсіндіруге, Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне, филиалдарына және қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетуге, мүдделі тұлғаларды құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуге және консультация беру;

18) Басқарма төрағасының және директордың тапсырмаларына сәйкес Департаменттің функцияларынан туындайтын өзге де міндеттерді орындайды;

19) Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) фотосы бар толтырылған кадрларды есепке алу туралы жеке іс парағы (нақты тұрғылықты орнының мекен-жайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 2017 жылғы 31 қазандағы № 369 бұйрығымен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Достық көшесі, 18 үй, Москва БО, 8 қабат, 2 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 7 маусым сағат 18.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.