Қосымша білім беру бойынша оқытушыға конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) қосымша білім беру бойынша білім беру іс-шарасы: «Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру циклін өткізу үшін Кәсіпорын оқытушысын конкурстық іріктеу жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорын оқытушысын іріктеу конкурсына Қазақстан Республикасының мынадай талаптарға сәйкес келетін азаматтары қатыса алады:

  • ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистрі академиялық дәрежесі бар;
  • мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар;
  • ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес;
  • оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 сағат) біліктілігін арттырған.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтаруға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан мінездемелер, ұсынымдар) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілікті бағалау;

2) сұхбаттасу;

3) конкурстың қорытындысын шығару;

4) өтеулі қызметтер көрсету шартын жасасу;

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Бас директорының 29.10.2021 ж. №829 бұйрығымен бекітілген Кәсіпорынның профессорлық-оқытушылық құрамын конкурстық іріктеу қағидаларымен реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.00-ге дейін, Астана қаласы, Достық көшесі, 18, Мәскеу БО, 8-ші қабат, 19-шы кабинет мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2023 жылғы 2 маусым сағ. 18.00

Анықтама телефоны: 8(7172) 554926.