Ұлытау облысы бойынша филиалының сапа менеджменті жүйесі бойынша секторының биоқауіпсіздік бойынша маман бос лауазымына орналасу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша филиалы сапа менеджменті жүйесі жөніндегі секторының биоқауіпіздік маманы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Биоқауіпсіздік бойынша маман лауазымына биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау саласындағы зертханаларда және басқа да қосалқы бөлімшелерде жұщеге асырылатын қызметте біліктілігін арттырған немесе білімі бар,денсаулық сақтау және денсаулық сақтауды басқару саласындағы жоғары медициналық білімі бар адам биоқауіпсіздік жөніндегі маман лауазымына тағайындала алады.

Лауазымдық міндеттері:

1. Филиал қызметкерлерінің биологиялық қауіпсіздігі саласында қауіпсіздік еңбек жағдайларын сақтауын бақылау бойынша жұмысын ұйымдастырады;

2. Филиал зертханаларының басшыларымен бірлесе отырып, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы, халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді;

3. Күнделікті және төтенше жағдайлар кезінде биологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау саласында мамандандырылған көмекті ұйымдастырады;

4.Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасау кезінде теориялық және практикалық дағдыларды жаңартуды қажет ететін сезімтал зертханалардың қызметкерлері туралы мәліметтерді жинайды және оларды оқыту қажеттілігін анықтайды;

5. Филиал қызметкерлерінің аурушаңдық жағдайын бақылайды, еңбек қызметіне байланысты сырқаттану тіркелген жағдайда ішкі қызметтерді бөлу жөніндегі комиссия ұйымдастырылады.Комиссия шешімін кәсіпорыннның қарауына енгізеді;

6. Салалық сапа менеджерімен бірлесе отырып тәуекелдер тізімін анықтайды және әзірлейді. Сондай -ақ биологиялық агенттердің мониторингі жүйесін дамытуға ықпал етеді;

7. Жұмыс істейтін және талаптарға сәйкес биоқауіпсіздік бағдарламасын әзірлейді, құжаттарды жүргізеді, енгізу жұмыстарын жүргізеді, үнемі жетілдіреді және алға жылжыту талаптарын жүргізеді;

8. Апаттардың, орын алған оқиғалардың және себептерін білуге қатысады, биоқатерлердің алдын алу және түзету шараларын әзірлейді;

9. Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін анықтайды және сипаттайды, обьектілер мен жабдықтарды профилактикалық және ағымдағы жөндеу, паудалану және пайдаланудан шығару кезінде ластану мен апаттардың алдын алу шараларын қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынады:

1) Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып,конкурсқа қатысуға өтінім;

2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Фотосуреті бар кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген) ұсыну;

4) Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландыратын көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

6) Сыбайлас жемқорлық, қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы (Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті еgоv арқылы беріледі) туралы анықтама.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттар пошта арқылы алынса, оларды қайтару мүмкін емес екендігін ескертеміз.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері,бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Біліктілікті бағалау;

2) Тестілеу;

3) Сұхбат жүргізу;

4) Конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі:

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірліі Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК жанындағы РМК қызметкерлерінің бос лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларымен, Басқарма төрағасының 21.09.2023 жыл № 55 хатымен («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті» РМК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК интернет-ресурстарында орналастырылған»).

Құжаттарды қабылдау: жұмыс күндері сағат 09:00-ден – 13:00-ге дейін 14:30-дан – 18:00- ге дейін Жезқазған қаласы, Гурбы көшесі, - № 6 мекенжайы бойынша.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 11 наурыз 2024 жыл, сағат 18:00-ге дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7102) 41-02-41.