Түркістан облысы бойынша Дезинфекция орталығының заңгер маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК "Түркістан облысы бойынша Дезинфекция орталығы" филиалы (бұдан әрі – Филиал) құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің заңгері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні ошақты және профилактикалық дезинфекцияны, дезинсекцияны және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Құқықтық, кадрлық және шаруашылық жұмыс бөлімінің заңгер бос лауазымына орналасуға кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз заңгер лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) филиалдың қол қоюға ұсынылған бұйрықтардың, нұсқаулардың және басқа да құқықтық және өзге де актілердің (құжаттардың), сондай-ақ келісімдердің (келісімшарттардың, шарттардың) жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеруге; тексерілген келісімдерге (келісімшарттарға, шарттарға) және басқа құжаттарға қол қою;

2) филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету үшін құқықтық құралдарды пайдалануға;

3) заңнаманы түсіндіруге, филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне, және қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетуге, мүдделі тұлғаларды құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуге және кеңес беруге;

4) филиалдың  заңды құқықтары мен мүдделерін заңды тәсілдермен қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының, басқа да мемлекеттердің ұйымдарында оның мүдделерін білдіруге;

5) филиалдың шаруашылық қызметінде қолданылуы мүмкін ұсынымдарды дайындайды;

6) дербес немесе филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ жеке сипаттағы аса маңызды және күрделі құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды құқықтық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті;

7) филиалға келіп түскен құқықтық құжаттардың жобаларын, оның ішінде Кәсіпорынның басқа да мүдделі құрылымдық бөлімшелерін тарта отырып, қарау (рецензирование);

8) филиал қызметіне байланысты жасалған шарттарға (келісімшарттарға, келісімдерге), халықаралық шарттарға (келісімшарттарға, келісімдерге) және жобаларға қатысты басқа да құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу, оларды дайындауға қатысу, Директорға жасалған жоғарыда көрсетілген құжаттардың шарттарына сәйкестігіне бақылауды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;

9) талап қою-арыз жұмысын жүргізу және Қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында талап қоюшы немесе жауапкер ретінде сот істеріне қатысуға;

10) филиалдың қызметін жетілдіру мақсатында жаңа әдістерді іздестіру және жұмысына талдау жүргізу;

11) заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге, қолданыстағы заңнаманың бұзылуына жол бермеуге бағытталған шараларды әзірлейді және оларды филиал басшылығының қарауына енгізеді;

12) филиал басшылығының құқықтық мәселелер бойынша тиісті өкімдері негізінде жүргізілетін филиалдардың қызметін тексерулерге қатысуға;

13) қажет болған жағдайда отырыстар мен кеңестерге талдамалық есептерді, ақпараттарды, презентацияларды және басқа да материалдарды, сондай-ақ филиал басшысының сөз сөйлеулеріне тезистерді дайындауға қатысуға;

14) кіріс хат-хабарлар бойынша материалдарды уақтылы дайындауға қатысу, қажетті ақпаратты (есептерді, материалдарды), оның ішінде филиалдың құрылымдық бөлімшелерінен филиал құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұратуға;

15) құрылтай құжаттарын әзірлеуді, тіркеуді және оларға өзгерістер енгізуді жүзеге асырады;

16) филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, филиал қызметін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсаттарды алуға өтінімдерді, өтініштерді дайындайды;

17) заңнаманы түсіндіруге, филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне, және қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсетуге, мүдделі тұлғаларды құқықтық мәселелер бойынша хабардар етуге және консультация беру;

18) филал директорының тапсырмаларына сәйкес филиалдың функцияларынан туындайтын өзге де міндеттерді орындайды;

19) филиалдың ішкі қызметін реттейтін құжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

1) тіркелген құжатардың тізімін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

3) кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген) ;

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің аймақтық бөлімшелерімен беріледі).

Көрсетілген құжаттардың бірі болмаса конкурсқа қатысушыдан құжаттарды қабылдауда бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды пошта бойынша алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы егер оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби деңгейі бойынша қосымша ақпараттары болса ұсына алады (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жариялымдары туралы құжаттардың көшірмелерін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығымен берілген ұсыныстар).

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 21.09.2023 ж. №55 шешіміне сәйкес реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 18.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Абай даңғылы, 37А.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2024 жылғы 29 мамыр сағат 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: 8 (7252) 40-74-09.