Тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиялық маусымның қорытындылары туралы
Об итогах эпидемического сезона по гриппу и ОРВИ 20.05.2022

2021-2022 ж. ж. эпидемиологиялық маусым кезеңінде (қазаннан сәуірге дейін) ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК вирусологиялық зертханаларында тұмау мен ЖРВИ-ға 22 037 зерттеу жүргізілді.

915 жағдайда науқастардан алынған материалды зерттеу кезінде тұмау вирусы анықталды, ал 637 жағдайда жедел респираторлық вирустық инфекция анықталды.

Маусым басталғаннан үлгілерде анықталған тұмау вирустары 93% А типті вирусқа, атап айтқанда А(H3N2) кіші түріне, В тұмауы вирусына – 7% тиесілі.