Ағымдағы жылдың 10-14 қазан аралығында Астана қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК алаңында 2023 жылға арналған Даму жоспарларының тұсаукесеріне бағытталған филиалдармен жұмыс кездесулері өтті.
Жұмыс кездесулеріне «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК басшылығы, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.
Отырыс қатысушылары Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары филиалдары директорларының ақпаратын тыңдады.
Кездесу барысында филиалдар қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде қаржылық-шаруашылық қызмет мәселелері талқыланды.