Балалар ойыншықтарында улы заттар табылды
Токсичные вещества обнаружены в детских игрушках 02.11.2022

Ұлттық сараптама орталығының Алматы облысы бойынша филиалында қытай ойыншықтарының екі үлгісінің құрамынан стирол, бензол және ксилолдың жоғары мөлшері табылды.

Осылайша, «L.Q.L. BEAUTIFUL» қуыршағында стиролдың 5,4 есеге (қалыпты мөлшері 0,01 мг/дм3), бензолдың 8,6 есеге (қалыпты мөлшері 0,01 мг/дм3), және ксилолдың 1,3 есеге (қалыпты мөлшері 0,05 мг/дм3) артқан улы заттар анықталды. Сонымен қоса, «TOYS» атты су тапаншасы да қауіпті болып шықты, оның құрамында стиролдың мөлшері 4,7 есе (қалыпты мөлшері 0,01 мг/дм3), ксилол 6,9 есе  (қалыпты мөлшері 0,01 мг/дм3) жоғары болғанын көрсетті.

Зертхана мамандарының айтуынша, ксилол мен стирол өте улы және жүйке жүйесіне зиянды. Олар көздің және терінің шырышты қабығын тітіркендіреді. Бензол ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда ұйқышылдық пен бас айналуын тудыруы мүмкін.

Қазан айындағы өнім қауіпсіздігі мониторингі аясында филиал балалар ойыншықтарының 16 үлгісін зерттеді.

Зерттеу нәтижесінде анықталған деректерге байланысты бұл өнімдер талапқа сәйкес келмейтін өнімдер тізіліміне енгізілді (http://reestr-np.kz/rus/).