ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы "А-Store" супермаркетінде Санитарилық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп «Салауатты тамақтану» акциясын өткізді.
Қаланың әрбір тұрғынына өздері сатып алған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік берілді.
Тегін негізде Алматы қаласы Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары көкөністер мен бақша дақылдарындағы нитраттардың қалдық құрамына жедел әдіспен зертханалық зерттеулер жүргізді, сондай-ақ сүт өнімдерінің қышқылдығын және ұнды витаминдер мен микроэлементтермен байытуды анықтады.
Акция барысында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне экспресс-әдістермен 58 зертханалық зерттеулер жүргізілді, зерттеулерден өткен барлық сынамалар қауіпсіз деп танылды.
Естеріңізге сала кететін болсақ, ҰСО Алматы қаласы бойынша филиалы қаланың сауда нүктелерінде үнемі тегін акциялар өткізеді.