Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Алматы қаласы бойынша «Дезинфекция орталығы» Ұлттық сараптама орталығының мамандары жалпы ауданы 2366,560 гектар орман алқаптарын, қалалық саябақтарын кенеге қарсы өңдеуді бастады.
Қалада дезинсекцияның бірінші туры ағымдағы жылдың 27 сәуіріне дейін өткізіледі. Ауа-райына байланысты өңдеу мерзімі өзгеруі мүмкін.
Құрылған дезбригадалар қажетті жабдықтармен, көлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталған. Кенеге қарсы өңдеу үшін инсекто-акарицидтік «Deltex SC 10» препараты қолданылады. Препарат төмен уытты және қауіпті емес затқа жатады (3-4 класс).
Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін толығымен қауіпсіз. Өңдеу жұмымстары таңғы уақыттарда жүргізіледі. Өңдеуге жататын учаскелердің шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізіледі» деген ескерту жазулары бар қалқандар орнатылады.
Кенелермен күресте максималды нәтижеге қол жеткізу үшін мамыр – маусым айларында өңдеудің екінші кезеңін өткізу жоспарлануда.
Қала тұрғындары келесі сақтық шараларын қолдануы қажет: