Ұлттық сараптама орталығы мен Қарағанды медицина университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсіміне ҰСО Басқарма төрағасы Ерлан Киясов пен Қарағанды медицина университетінің басқарма төрағасы – ректоры міндетін атқарушы Виктор Риклефс қатысты.
Бұл ынтымақтастық ғылыми зерттеулер, білім беру бастамалары және денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби даярлау бойынша бірлескен жұмысқа жаңа мүмкіндіктер ашады.
Меморандум аясында білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізу, практикалық дайындықты ұйымдастыру және жас мамандарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту бойынша өзара іс-қимыл көзделген.
Кәсіби құзыреттерді дамытуға, ғылыми бастамаларды қолдауға және академиялық және практикалық қауымдастық арасында тәжірибе алмасуға қолайлы орта құруға ерекше назар аударылады.