Қазақстан Республикасы медицина қызметкерлері күніне орай Ұлттық сараптама орталығында салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шарада ҰСО Басқарма төрағасы Ерлан Киясов құттықтау сөз сөйлеп, халық денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу және еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етудегі медицина қызметкерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының маңызды рөлін атап өтті.
«Ұлттық сараптама орталығы үшін бұл — асыға күтетін күн. Бұл күні еліміздің барлық елді мекендерінде санитариялық-эпидемиологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етіп жүрген дәрігерлерге, зертханалық диагностика мамандарына, эпидемиологтар мен санитарлық дәрігерлерге алғыс білдіріледі», – деді Ерлан Киясов.
Ол әріптестеріне кәсібилігі, жанқиярлығы және өз ісіне адалдығы үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық және толағай табыстар тіледі.
Іс-шара аясында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатты қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық және корпоративтік марапаттар табысталды. Қызметкерлер келесі марапаттарға ие болды: