25.08.2025
Өткен демалыс күндері Қазақстанның бес облысында Мини-футбол және волейболдан ҰСО филиалдарының қызметкерлері арасында іріктеу турнирлері өтті. Сайыстарға 21 филиал мен Орталық аппаратының ойыншылары қатысты.
Мини-футбол турнирінде финалға Атырау, Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысы филиалдарының командалары шықты, олар іріктеу ойындарында тамаша нәтижелер көрсетті. Бұл командалар турнирдің шынайы фавориттері болып, жоғары дайындық деңгейі мен топтық ойынды көрсетті.
Волейболда шешуші кезеңге Орталық аппарат, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарының филиалдары мен ЦД Түркістан командасы шықты. Барлық қатысушылар осы спорт түрінде үздік болуға деген дайындықтарын көрсетті, жарқын ойын сәттері мен күшті командалық үйлесімділік танытты.
Жыл сайын өтетін бұл турнир тек ең мықты ойыншыларды анықтауға ғана емес, корпоративтік мәдениетті дамытуда да маңызды қадам болып табылады. Әр жыл сайын ол командалық рухты нығайтуға, біртұтас әрі ұйымшыл команда құруға және филиалдар арасындағы жаңа қарым-қатынас түрлерін қалыптастыруға үлес қосады.
Турнир нәтижелері бойынша жеңіске жеткен командалар кубоктар, медальдер және грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, финалдық ойындарда сәттілік тілейміз!