Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті

15.09.2025

15 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік деңгейде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні атап өтілді - бұл денсаулық сақтау саласының алдыңғы шебінде тұрған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ететін мамандардың кәсіби мерекесі.

Бүгін Астана елдің барлық аймақтарынан жиналған санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерін жаңа кәсіби мерекеге арналған ауқымды салтанатты шараға біріктірді. Салтанатты шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова ашты. Өзінің құттықтау сөзінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының халық денсаулығын қорғауда және биологиялық қауіпсіздікті нығайтудағы маңыздылығын атап өтті: «Болашақ сақтық медицинасына жатады - екі ғасыр бұрын айтылған бұл сөз тіркесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді. Сіздерің жұмыстарыңыздың арқасында елде қауіпті инфекциялар жойылды, эпидемияларға, соның ішінде COVID-19 пандемиясы кезінде сенімді тосқауыл қойылды. Сіздер тәулік бойы елдің санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етесіздер. Таңдалған іске батылдықпен қызмет еткендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін», — деді министр.

Шара аясында сала қызметкерлері мен ардагерлері көпжылдық адал еңбектері, жоғары кәсібилігі және халық денсаулығын қорғауға қосқан елеулі үлестері үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.

Ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді - олардың адал әрі ұзақ жылғы еңбегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың қазіргі жүйесін қалыптастыруға берік негіз болып, жас мамандар үшін үлгі болды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлер күні мерекесін енгізу - санитариялық дәрігерлердің, эпидемиологтардың, зертхана қызметкерлерінің және халық денсаулығын күн сайын сақтауға қызмет ететін барлық мамандардың еңбегінің жоғары әлеуметтік маңыздылығын мойындаудың маңызды белгісі болып табылады.

Сурет галереясы

Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  1 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  2 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  3 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  4 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  5 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  6 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  7 Қазақстанда алғаш рет санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті  8