24.11.2025
Астанада «Астана» медициналық университеті базасында «Антимикробтық резистенттік – денсаулық сақтаудағы сын-тегеуріндер» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің жетекші мамандары қатысты. Шара ғалымдарды, дәрігерлерді, зертханалық мамандарды және оқытушыларды XXI ғасырдағы қоғамдық денсаулық сақтаудың негізгі қатерлерінің бірі болып саналатын антимикробтық резистенттіліктің (АМР) алдын алу және бақылау мәселелерін талқылау үшін біріктірді.
Ұлттық сараптама орталығы атынан басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айнагүл Мусина құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол конференцияның қазіргі денсаулық сақтау саласының негізгі қауіптерінің бірі – антимикробтық резистенттіліктің артуына арналатынын атап өтіп, пленарлық баяндамалар, секциялық отырыстар және кәсіби тәжірибе алмасу денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және антимикробтық препараттарды ұтымды пайдалану стратегияларын қалыптастыруға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Антимикробтық резистенттілік денсаулық сақтау үшін ең маңызды жаһандық қатерлердің бірі болып қала береді. Микроорганизмдердің микробқа қарсы препараттарға төзімділігінің жылдам өсуі жағдайында конференция сарапшыларға АМР-ды мониторингтеу, алдын алу және бақылаудың тиімді тәсілдерін талқылауға арналған пәнаралық алаң ұсынды.
Қатысушылардың ерекше назарын ҰСО-ның 10 жылдығына арналған «Тағамдық генезді антимикробтық резистенттіліктің өзекті мәселелері» атты сессия аударды. Онда шетелдік шақырылған спикерлер мен Ұлттық сараптама орталығының өкілдері сөз сөйледі:
Сарапшылар тағамдық тектен таралатын АМР бойынша деректерді ұсынып, мал шаруашылығында антибиотикті пайдалануды қатаң бақылаудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Codex Alimentarius халықаралық стандарттарын қолданудың маңыздылығын атап өтті. Сессия аясында ветеринариядағы антибиотиктерді ұтымсыз қолданудың медициналық аспектілері, азық-түлік өнімдеріндегі левомицетиннің қалдық мөлшерін бақылау мәселелері, сондай-ақ тағам секторында антимикробтық препараттарға төзімділікке қарсы күрес контекстінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы талқыланды.
Конференция Қазақстанның ғылыми және медициналық қауымдастығы мен халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіруде маңызды қадам болды.