17.04.2026
Бүгін Ұлттық сараптама орталығының алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясының кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов пен Ұлттық сараптама орталығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айнагүл Мусина қатысты. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) тарапынан Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин және Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевич қатысты.
Тараптар Қазақстан Республикасында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу, ЕАЭО кедендік шекарасының санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімдері мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау мәселелерін талқылады.
Сапар барысында делегация Ұлттық сараптама орталығының қызметімен де танысты. Айнагүл Мусина зертханалардың жабдықталуы, техникалық регламенттер көрсеткіштерінің орындалуы, сондай-ақ зертханалық зерттеу әдістерін әзірлеу және енгізу жұмыстары туралы ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, ЕЭК байқаушы мәртебесіне ие «Кодекс Алиментариус» комиссиясымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар диалогтың сындарлы сипатын атап өтіп, ЕАЭО шеңберінде келісілген саясатты одан әрі қалыптастыруға бағытталған техникалық реттеу саласындағы ортақ тәсілдерді талқылады.