20.04.2026
Сапар аясында Алматы облысы бойынша ҰСО филиалының ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында 2023–2025 жылдардағы қызмет нәтижелері қаралып, ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары талданды.
Жұмыс сапарымен Алматы облысына ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы - еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова да келді.
Делегация өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің ағымдағы жұмысымен танысып, ҰСО-ның зертханалық бөлімшелеріне барды, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны және мамандардың еңбек жағдайларын бағалады.
Зертханалық зерттеулер сапасын арттыру, эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігі және облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша жұмыстың басым бағыттары айқындалып, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.