Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

СЕНІМДІ НӘТИЖЕЛЕР: АСТАНАДА ВАЛИДАЦИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

НАДЁЖНЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ: В АСТАНЕ ОБСУДИЛИ СОВРЕМЕННЫЕ ПОДХОДЫ К ВАЛИДАЦИИ 21.04.2026

Астана қаласындағы Ұлттық сараптама орталығының филиалында зертханалық зерттеулер сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы қазіргі зертханалық тәжірибеде маңызды рөл атқаратын валидация және верификация үдерістері болды.

Қатысушыларға валидация мен верификацияны жүргізудің заманауи тәсілдері таныстырылып, оларды зертханалардың күнделікті жұмысына енгізу бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Талқылау барысында нақты кейстер, жиі кездесетін қателіктер және оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Іс-шараның интерактивті форматы қатысушылар арасында белсенді тәжірибе алмасуға және кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік берді.

Семинар қорытындысы бойынша мамандар алынған білімнің практикалық маңызы жоғары екенін және алдағы уақытта өз жұмысын жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.

Осындай іс-шараларды өткізу сапа менеджменті жүйесін дамыту мен Ұлттық сараптама орталығы зертханалары қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Сурет галереясы

thumbnail thumbnail