Бүгін Ұлттық сараптама орталығының Басқарма төрағасы Ерлан Қиясов Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерния бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Үкіметінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Дүниежүзілік банктің, БҰҰДБ мен Пандемия қорының қатысуымен жүзеге асырылған Түркістан облысында вирусологиялық зертхана ашу жөніндегі бірлескен жобаның маңыздылығын атап өтті.
Ерлан Қиясов жобаны іске асыруға көрсеткен қолдауы және заманауи зертханалық инфрақұрылымды қалыптастыруға қосқан үлесі үшін БҰҰДБ-ға алғыс білдіріп, ұйым өкілдеріне алғыс хаттар табыстады.