Атыраулық кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық аудиттен өткені туралы сертификаттар алды.
Сертификаты о прохождении санитарно-эпидемиологического аудита получили атырауские предприниматели 02.03.2016

Атырау облысындағы ТҚҚД басшысының орынбасары Амантай Жумагалиев: «Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға негізделетін негізгі тексеру түрінен басқа кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің санитарлық заңнама талаптарын сақтауын бақылаудың перспективті формасы кәсіпкерлердің өздерінің бастамасы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық аудитті ұйымдастыру және жүргізу болып табылады».

         Санитарлық-эпидемиологиялық аудит бөлімі өткен жылы қыркүйек айында ҚР ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысындағы филиалының базасында құрылған.

       2015 жылғы қазан айынан бастап облыста заңды және жеке тұлғалардан аудит жүргізу қажеттілігі туралы 65 өтініш келіп түскен. Аудит нәтижелері бойынша оң қорытындыны 51 нысан алған.

        Санитарлық аудит туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілген: үш мәрте шағын және орта бизнес өкілдерімен, өнеркәсіптік кәсіпорындар және бюджеттік ұйымдармен жиналыстар өткізілді. Бұдан басқа «Атырау облысының білім басқармасы» ММ және «Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.