«Әр үйге қауіпсіз тағам» тақырыбында акция туралы
Акция «Безопасные продукты в каждый дом» 07.07.2016

2016 жылдың 2-ші шілдесінде ҰЭМ ТҚҚК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы «Әр үйге қауіпсіз тағам» тақырыбында «Сыбаға» базарында акция ұйымдастырылып өткізілді. Акцияға санитарлық-гигиеналық зертханасының лаборанттары  және маркетинг және коммерциялық қызмет бөлімінің мамандары қатысты.

Жедел-әдісімен нитраттарды анықтауға 70 сынама зерттелді, сәйкессіздік анықталған жоқ.

Акцияға бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды, директор орынбасары сұхбат берді.

Іс-шарада жарнамалық –ақпараттық брошюралар таратылды. «Қоғам ТВ» жергілікті телеарнасында акция барысы мен сұхбат көрсетілді.