"Фруктовый сад" шырынының қауіпті партиясы Қазақстанның сауда нүктелерінде табылмады
Опасной партии сока "Фруктовый сад" не нашли в торговых точках Казахстана 29.05.2017

Ресейден Қазақстанға жеткізілетін "Фруктовый сад" шырынының барлық партиясы тексерілді. Бұл туралы Астанадағы қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау комитетінің төраға орынбасары, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Ставрополь өлкесінде шырыннан улануының үш жағдайлары тіркелді: екі бала, бір ересек адам.Олар шырынды ішкен кезде химиялық күйік алған. Бұл ақпарат барлық өңірлік департаменттерге таратылды. Оларға нақты бұйрық берілді. Барлық қажетті ақпараттар Ресейдегі өнімді өндірушіден алынды. Липецкте шығарылатын шырын Қазақстанға экспортталмайды. Біздің дәрігерлеріміз сауда орталықтарынан өтіп, бұл өнім Қазақстан аумағындағы сөрелерде табылмады",- деді ол.

25 мамырда Ресейден Қазақстанға әкелінген танымал "Фруктовый сад", маркалы шырын Ресейдегі адамдардың улануына себеп болды. Қауіпті тауар болып алма мен шабдалы хош иісі бар көлемі 0,3 литрлік шырын танылды. 25 ақпаннан бастап, 2017 жылдың 25 тамызына дейінгі жарамдылық мерзімі бар партия тексерілетін болады.

PepsiCo өндіруші компаниясы "Фруктовый сад" шырынын ішкеннен кейін ауыз қуысының күюі туралы оқиғаларын түсіндірді.

"Сусын Ресейде, Буденовск сауда нүктелерінің бірінде сатып алынған, "Фруктовый сад"  Қазақстан аумағына пластикалық бөтелкеде жеткізілмеген», - деп хабарлады компания.

Сатып алушылар химиялық күйік алғаннан кейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы мен Астанадағы сауда нүктелеріне санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді ұсынды.

https://informburo.kz/novosti/opasnoy-partii-soka-fruktovyy-sad-ne-nashli-v-torgovyh-tochkah-kazahst...